Телеарналар мен радиолар хабар таратуды уақытша тоқтатады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Телеарналар мен радиолар хабар таратуды уақытша тоқтатады Иллюстрациялық сурет: pixabay.com

Қазақстанда 19 тамызда профилактикалық жұмыстарға байланысты телеарналар мен радио хабар таратуды уақытша тоқтатады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда 19 тамызда профилактикалық жұмыстарға байланысты телеарналар мен радио хабар таратуды уақытша тоқтатады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"2020 жылдың 19 тамызында сағат 03:00 мен 17:00 аралығында жерсеріктік, цифрлық және аналогты эфирлік желілердің техникалық құралдарындағы сервистер жабылып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізіледі. Осыған байланысты, Қазақстанның барлық аумағында телерадиоарналарды ретрансляциялау уақытша тоқтатылады", - делінген "Қазтелерадио" хабарламасында.

Айта кетейік, "Қазтелерадио" АҚ тоқсан сайын жерсеріктік және эфирлік желілердің техникалық құралдарында сервистерді жаба отырып, жоспарлы-профилактикалық жұмыстар жүргізеді.

Бұл жұмыстар телерадио хабарларын сапалы таратуды қамтамасыз ету үшінқажет, ал тоқсан сайынғы жоспарлы-профилактикалық жұмыстар сервисті ұзақ уақыт өшіруге мүмкіндік береді, сондықтан осы уақыт ішінде техникалық құралдарды жаңғырту бойынша қосымша жұмыстар да жүзеге асырылады. 

"Қазтелерадио" өкілдері уақытша қолайсыздықтар үшін кешірім сұрайды. Қосымша сұрақтар бойынша Сall-center-ге хабарласуға болады: 193, +7(727) 2 581 500, 7193,

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети