18 қыркүйек 2014 16:05

Теледидардың астында қалған бала билік есебінен емделеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ислам Катаев. ©aktau-business.com Ислам Катаев. ©aktau-business.com

Жоғарыдан тасталған теледидардан зардап шеккен бала Маңғыстау облыстық билігі есебінен емделетін болды, бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне облыс әкімінің орынбасары Бану Нұрғазиева айтты. Сегізінші қабаттан тасталған теледидардың астында қалған төрт жасар Ислам Катаев көру қабілетінен айырылған болатын. 


Жоғарыдан тасталған теледидардан зардап шеккен бала Маңғыстау облыстық билігі есебінен емделетін болды, бұл туралы Tengrinews.kz тілшісіне облыс әкімінің орынбасары Бану Нұрғазиева айтты. Сегізінші қабаттан тасталған теледидардың астында қалған төрт жасар Ислам Катаев көру қабілетінен айырылған болатын. 

"Қазір бала жан-жағына мән береді, аздап күлімсірейді. Дәрігерлер баланың жағдайы жөнінде оң болжам жасап отыр. Біз өз тарапымыздан оның сауығып кетуіне барлық қажетті көмекті көрсетеміз. Әңгіме Ислам Катаевтың Астана, Алматы, егер қажет болса шетел клиникаларында емделуі турасында болып отыр", - дейді Нұрғазиева. Дегенмен ол емдеуге бөлінетін қаржының қайдан алынатынын нақтыламады. "Мен қазір оны айта алмаймын, бірақ барлық амал қарастырылады, медицина желісі бойынша квоталар бар. Егер қажет болса, әкімдіктің әр қызметкері өз қалтасынан көмек бере алады, біз қолдан келгенін жасаймыз", - деді әкімнің орынбасары.

Оның айтуынша, тиісті ем мен күтім жасалса, Ислам Катаевтың көру қабілетін қалпына келтіруге болады. Жуырда ол анасымен бірге ауруханадан шығарылады. Исламның анасы алты баланы жалғыз бағып отыр. Ол - "Күміс алқа" иегері, екі бөлмелі пәтерде тұрады. "Олардың пәтерінде краннан су кетіп тұр, жиһаздары ескі, пәтерге жеңіл жөндеу жасалуы керек. Сондықтан біз Бейімдеу орталығының көмегімен отбасыны екі бөлмелі пәтерге ауыстырдық, бұл уақытша, отбасының пәтеріне шағын жөндеу жасалып бітпейінше ғана", - деді Нұрғазиева. Ол жуық арада Исламның ісі бойынша сот отырысы болатынын және оған әкімдік қызметкері міндетті түрде қатысатынын айтты. "Мұның бәрі бізге сабақ болуы керек. Ересек, есі дұрыс адамның терезеден теледидарды қалай лақтырып жібергені түсініксіз, оның әрекеті дені сау адамның ісі емес", - дейді Нұрғазиева.

Еске сала кетейік, бұл келеңсіз оқиға Ақтауда болған еді. Баланың 13 жастағы әпкесінің айтуынша, кешкісін олар үйге қайтып келе жатқан кезде №3 үйдің жанында ол баладан сәл көз жазып қалады. Сол сәтте бала қоқыс контейнерлерінің жанына барған, ал оның үстіне теледидардың бөлшегі құлайды. Бала есінен танып қалып, комаға түсті, кейін оның көру қабілетінен айырылғаны белгілі болды. 

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 444.22   490.7   4.76 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети