Ақпарат және коммуникация министрлігіндегілер телефондарды міндетті түрде тіркеу туралы нормаға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Ақпарат және коммуникация министрлігіндегілер телефондарды міндетті түрде тіркеу туралы нормаға қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
"Телефондарды тіркеу процесін жеңілдету мақсатында тіркеуді абонентсіз-ақ жүргізу мәселесі жоспарланып отыр. Сондай-ақ, IMEI-кодтардың бірыңғай базасын құруға мемлекеттік бюджеттен қаражат қажет болмайды", - деді ведомство өкілдері Tengrinews.kz тілшісінің сауалына жауап бере отырып.
Сонымен қатар, министрліктегілер IMEI-кодтарды тіркеу ережелерін дайындау үшін арнайы жұмыс тобының құрылғанын айтып өтті.
"Қазіргі уақытта абоненттерді тіркеуге қатысты ережелерді дайындау үшін жұмыс тобы құрылды. Онда IMEI-кодтарды тіркеу процесі қалай жүргізілетіні көрінеді. Жұмыс тобында Ақпарат және коммуникация министрлігіндегілер, Ішкі істер министрлігі, Ұлттық қауіпсіздік комитеті, сондай-ақ, "Мемлекеттік техникалық қызмет" өкілдері мен ұялы байланыс операторлары бар", - деді ведомство өкілдері.
Сондай-ақ, ҚР Ақпарат және коммуникация министрлігіндегілер бұл шараның елімізге әкелінетін контрафактілік құрылғылардың санын азайтып, ұялы телефондарды ұрлау деректерімен тиімді күресуге әсер ететінін айтты.
Еске сала кетейік, осыған дейін Қазақстанда IMEI-кодтардың бірыңғай базасында тіркелмеген телефондар бұғатталатыны хабарланған болатын. Заңға сәйкес, енді ұялы байланыс опеарторлары уақытында тіркелмеген абоненттерді бұғаттайды. Айта кетейік, бұл заң 2017 жылдың 1 шілдесінен бастап күшіне енеді.