Телефонын ломбардқа өткізіп, өзі жоғалып кеткен: Оралда жасөспірім іздестіріліп жатыр

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Телефонын ломбардқа өткізіп, өзі жоғалып кеткен: Оралда жасөспірім іздестіріліп жатыр Фото: mgorod.kz

Оралда үшінші күн қатарынан жасөспірім іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой ГОРОД" басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Оралда үшінші күн қатарынан жасөспірім іздестіріліп жатыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Мой ГОРОД" басылымына сілтеме жасап.

17 жастағы Бибол Айболұлы 15 мамырда үйінен шығып кетіп, оралмаған. Жасөспірімнің анасы ұлы Зачаганск ауданындағы үйінен шығып, ескі әуежай маңындағы ағасына кеткенін, содан жоғалып кеткенін айтты.

"Балам бір рет үйден кетіп қалған еді, бірақ бәрі оңалды. Ішпейді, темекі шекпейді, еш жерде тіркеуде жоқ, денсаулығында да проблема жоқ. Жоғалған соң келесі күні полицияға арыз жаздық. Олар Бибол телефонын ломбардқа өткізгенін анықтады, басқа ақпарат жоқ. Біз қатты алаңдап отырмыз", - деді ол.

Жоғалған күні Биболдың үстінде қоңыр шалбар, қара киім болған. Бойы 175 сантиметр, арық денелі.

"Кімде-кім Бибол Айболұлының қайда екені туралы қандай да бір мәлімет білсе, жақындарына 8 (747) 384-91-39 немесе 102 телефондарына хабарласуын сұраймыз", - деп хабарлайды "Мой ГОРОД".

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети