Telegram-ға бірнеше сағатта 50 миллионнан астам адам тіркелді

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Telegram-ға бірнеше сағатта 50 миллионнан астам адам тіркелді Фото ©REUTERS

Telegram мессенджеріне бірнеше сағаттың ішінде  50 миллионнан астам қолданушы тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі RT агенттігіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Telegram мессенджеріне бірнеше сағаттың ішінде  50 миллионнан астам қолданушы тіркелді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі RT агенттігіне сілтеме жасап.

TGStat аналитикалық қызметінің жетекшісі Юрий Кижикин соңғы уақытта бүкіл әлемдегі әлеуметтік желілер жұмысының жаһандық бұзылуы аясында Telegram мессенджеріндегі жаңа қолданушылар санының күрт артқанын айтты.

"Біздің есебіміз бойынша, Telegram-ға бірнеше сағат ішінде 50 миллионнан астам жаңа қолданушы тіркелді", - деді Кижикин.

Еске салайық, Facebook, Instagram және WhatsApp желілері әлем бойынша істен шыққан еді. Downdetector сервисінің мәліметінше, бұл әлем бойынша байқалған ақау. Әлеуметтік желілердегі ақаулар туралы Қазақстан, АҚШ, Ресей, Ұлыбритания, Израиль, Аргентина, Италия, Германия, Иран және басқа елдердің пайдаланушылары хабарлап жатыр.

Ақау туралы алғашқы хабарламалар Нұр-Сұлтан уақытымен 21.34-тен кейін пайда бола бастады

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети