Тележүргізуші Жанар Бекбанова Қарағанды облысы әкімінің орынбасары міндетін атқаратын болды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz сайты "Новый вестник" басылымына сілтеме жасап.
Тележүргізуші Жанар Бекбанова Қарағанды облысы әкімінің орынбасары міндетін атқаратын болды, - деп хабарлайды Тengrinews.kz сайты "Новый вестник" басылымына сілтеме жасап.
Бұл қызметке Бекбанованың тағайындалғаны 7 маусымда белгілі болған. Қарағандылықтар бұл азаматшаны облыстық әкімдіктің баспасөз қызметін басқарған кезінен бастап жақсы таниды. Жанар Бекбанова осы облыстың экс-басшысы Нұрлан Нығматулиннің тұсында облыстың баспасөз хатшысы болды және "Қазақстан-Қарғанды" телеарнасының жаңалықтарын жүргізді.
Жанар Бекбанованың жасы 39-да. Жоғары білімді. 1996 жылы Қарағанды Мемлекеттік университетін, сонымен қатар Қазақстан Тұтынушылар Одағы Қарағанды экономикалық университетін тәмамдаған. Бекбанованың мамандығы филолог және заңгер.
"Новый вестник" басылымының жазуынша ол облыстық телекомпанияда 10 жыл қызмет етті. Жұмысын қарапайым тілшіліктен бастап, кейіннен жаңалықтар жүргізушісі және редакторы болды. Жанар Бекбанова Нұрлан Нығматуллин әкімдікке келген кезде, яғни, 2006-2009 жылдар аралығында облыс әкімі баспасөз қызметінің жетекшісі лауазымын атқарды. Мұнан кейін ол "Нұр-Отан" партиясы жетекшісінің бірінші орынбасарының кеңесшісі және аталмыш Партияның орталық аппаратының баспасөз қызметінің жетекшісі болып еңбек етті.
Жанар Бекбановаға дейін әкімнің орынбасары қызметін Бейсембай Жұмабеков атқарған еді. Ол басқа қызметке ауысуына байланысты бұл қызметтен босатылған. Ол бұл қызметті атқарғанда әлеуметтік мәселелерге жауап беріп, ішкі саясатты реттеумен шұғылданды. Сондай-ақ, әлеуметтік қорғалу мен халықты еңбекпен қамту мәселелері саласына да жауапты болды.