Темекі алғанда құжат көрсету міндетті ме? Министр жауабы

viewings icon comments icon

ПОДЕЛИТЬСЯ

whatsapp button telegram button facebook button
фото: pexels.com фото: pexels.com

Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов алкоголь мен темекі сату кезінде құжаттарды талап ету туралы норманы түсіндіріп берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

whatsapp button telegram button facebook button
Иконка комментария блок соц сети

Сауда және интеграция министрі Бақыт Сұлтанов алкоголь мен темекі сату кезінде құжаттарды талап ету туралы норманы түсіндіріп берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Кодекске ("Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесі туралы") алкоголь мен темекіні тұтынуды азайтуға әсер ету жөніндегі шараларға өзгерістер енгізілді. Әсіресе, кәмелетке толмағандар ұшін. Сондықтан осындай норма пайда болды. Жоғарғы деңгейдегі заңнамалық актілерге енгізілетін кез келген өзгерістер жалпы сипатта болады. Сондықтан жарлық шыққаннан кейін біз осы норманы қалай пайдалану керегін түсіндіру үшін бұйрыққа өзгерістер енгізу бойынша жұмыс жүргіздік. Біз  сатушыларда сатып алушының жасында күмән туған жағдайда ғана құжат талап ету керегін түсіндірдік", - дейді Сұлтанов.

Сондай-ақ, министр алкоголь мен темекі өнімдерін сатушылар сатып алушының жасына күмәнданбаған болса немесе 21 жастан асқандардан құжаттар талап етпесе, жазаланбайтынын еске салды.

Еске салайық, мұның алдында енді қазақстандықтардың темекі мен алкоголь алғанда құжат көрсетуге міндеттелгені хабарланған еді. "Егер жеке басты куәландыратын құжат көрсетілмесе, темекі бұйымдарын, оның ішінде қыздырылатын темекісі бар бұйымдарды, қорқорға арналған темекіні, қорқор қоспасын, темекі қыздыруға арналған жүйелерді, тұтынудың электрондық жүйелерін және оларға арналған сұйықтықтарды сатудан бас тартуға міндетті", - делінген еді құжатта.
 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram Последние новости
Лого TengriNews мобильная Лого TengriLife мобильная Лого TengriSport мобильная Лого TengriAuto мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню
Открыть TengriNews Открыть TengriLife Открыть TengriSport Открыть TengriAuto Открыть TengriTravel Открыть TengriEdu Открыть TengriGuide

Валюта бағамы

 512.48  course up  582.55  course down  6.31  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети
Иконка Instagram footer Иконка Telegram footer Иконка Vkontakte footer Иконка Facebook footer Иконка Twitter footer Иконка Youtube footer Иконка TikTok footer Иконка WhatsApp footer
yadro