Темекіге бола пышақтап тастаған: Ақтөбеде пойыз басшысының өліміне қатысты іс қаралды

Дина Шарипханова
Дина Шарипханова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Темекіге бола пышақтап тастаған: Ақтөбеде пойыз басшысының өліміне қатысты іс қаралды Midjourney көмегімен жасалған

Ақтөбеде сот вокзал алдында пойыз бастығын өлтіру ісі бойынша үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Ақтөбеде сот вокзал алдында пойыз бастығын өлтіру ісі бойынша үкім шығарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Ақтөбе облысының қылмыстық істер жөніндегі мамандандырылған ауданаралық сотында алқабилері бұзақылық ниетпен адам өлтіру дерегі бойынша сотталушы К-ға қатысты қылмыстық істі қарады (ҚК-нің 99-бабының 2-бөлігі, 9)-тармағы).

Не болған?

Жәбірленуші саябақта өтіп бара жатқан сотталушы К-дан темекі сұраған. Сотталушы оған дөрекі жауап қайтарып, екеуінің арасында келіспеушілік туған. Сол кезде, сотталушы қалтасынан пышақ шығарып, 6 соққы жасаған.

Салдарынан, жәбірленуші ауруханада қайтыс болған.

Дәлел

Сотталушының кінәсі өзінің ішінара мойындауы, жәбірленуші өкілі мен куәнің жауаптары, сараптама қорытындылары, бейнебақылау камерасындағы жазбалар және де басқа заттай дәлелдемелермен дәлелденді.

Тағайындалған жаза

Сотталушыға жаза тағайындау барысында сот, ҚК-тің 53-бабы талаптарына сәйкес, қылмыстық жауаптылық пен жазаны жеңілдететін мән-жайлар ретінде оның жас балаларының болуын ескерді.

Ауырлататын мән-жайлар ретінде қылмыстың қауіпті қайталануын таныды.

"Алқабилердің кесімімен сотталушы К. ҚК-тің 99-бабы 2-бөлігі, 9)-тармағы бойынша кінәлі деп танылып, оған түпкілікті 20 жыл бас бостандығынан айыру жазасы тағайындалды", - делінген хабарламада.

Сот үкімі заңды күшіне енген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 517.57  course up  606.65  course up  6.43  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети