Теміртауда ауқатты адамдар тегін таратылатын нанға бола дауласты

ПОДЕЛИТЬСЯ

Теміртауда ауқатты адамдар тегін таратылатын нанға бола дауласты

Теміртауда халықтың әлеуметтік аз қамтылған тобын қолдау бойынша акцияның соңы дауға ұласты, - деп хабарлайды NV.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Теміртауда халықтың әлеуметтік аз қамтылған тобын қолдау бойынша акцияның соңы дауға ұласты, - деп хабарлайды NV.kz.

Өткен аптада қаладағы дүкендердің бірінің иесінің бастамасымен әлеуметтік себет пайда болған еді. Онда 20 бөлке нан болған да, үстіне "Тегін" деп жазылған. Идея бойынша, жағдайы нашар қалаған адам себеттегі нанды алады. Ал қалғандары қалауы бойынша ол жаққа азық-түлік салуға ерікті болды. "Бұл бастама бөлім иесінікі, мәжбүр жандарға көмектескісі келеді. Барлық азық қымбаттап кетті, зейнетақы жете бермейді", - деді сатушы. 

Алайда, сатушының айтуынша, тегін нанға нан сатып алуға шамасы келетін, қымбат киінген адамдар да келе бастаған. "Бірден бес бөлке нанды алып жатты. Әрине, жетпей қалды. Сөйтіп, дау басталып кетті. Айыптаулар айтылды. Тегін азық-түлік талап етіп, біздің міндетті түрде беруіміз керек екенімізді дәлелдемек болғандар да табылды, себебі мұны олар мемлекет жасап отыр деп, бірақ сол мемлекет зейнетақыны көтермейді дегенді айтты. Адамдарды сабырға шақырып, түсіндіру мүмкін болмады", - деді сатушылар. 

"Қайырымдылық басталмай жатып, осылайша аяқталды. Кәсіпкердің игі ниеті түсінбеушілікке, мәдениетсіздікке, бетсіздікке айналып шыға келді. Қалада жағдайы нашар адамдар бар. Жаңа піскен нан оларға көмек болар еді. Мүмкін мұндай көмекті үй-үйге жеткізілуі керек шығар. Себебі сатушылар өзіне келетін адамдарды таниды, түсінеді, кімнің шын мәнінде мұқтаж екенін біледі. Міне, соларға көмектессе ғой", - деп жазады басылым.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети