Теміртауда қоқыс контейнерінен нәрестенің мәйіті табылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Теміртауда қоқыс контейнерінен нәрестенің мәйіті табылды Фото etemirtau.com сайтынан

Теміртау қаласының 70-квартал ауданындағы үйлердің бірінің қоқыс өткізетін контейнерінен жаңа туған қыз баланың мәйіті табылды деп хабарлайды Tengrinews.kz "Новый Вестник" басылымына сілтеме жасап. Нәрестенің бас сүйегі жарылған. Жантүршігерлік жайтты ең алғаш пәтер иелері кооперативі қызметкері байқады. Ол бірден полиция шақыртады. Оқиға орнына келген із кесушілер контейнерден әйел киімін де тапты. Осы оқиғаға қатысты "Анасының жаңа туған нәрестесін өлтіруі" бабы бойынша қылмыстық іс қозғалды. Мамандар сәбидің ауыр соққыдан өлуі мүмкін екенін жоққа шығармайды. Оқиғаның мән-жайын тергеу нәтижесі анықтайды. Қазіргі уақытта тәртіп сақшылары сәбидің анасын іздестіріп жатыр. Оның кінәсі анықталса, төрт жылға бас бостандығынан айырылуы мүмкін. Теміртау қаласында жақында босанған қыз-келіншектердің барлығының мәліметі тексерілуде. Еске сала кетейік, өткен желтоқсан айында осындай оқиға Шымкентте тіркелген болатын. Өлі туған сәбиін анасы қоқыс контейнеріне тастаған.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети