Теміртауда сумен жабдықтауға қатысты туындаған мәселелерге байланысты жылыту маусымы ұзартылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Теміртауда сумен жабдықтауға қатысты туындаған мәселелерге байланысты жылыту маусымы ұзартылды © Қарағанды облысы әкімдігінің ақпарат орталығы

Теміртауда сумен жабдықтаумен туындаған мәселелерге байланысты жылыту маусымы ұзартылды. Брифинг барысында Теміртау әкімі Ғалым Әшімов осы жағдайға тоқталып өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облысы әкімдігінің ақпарат орталығына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Теміртауда сумен жабдықтаумен туындаған мәселелерге байланысты жылыту маусымы ұзартылды. Брифинг барысында Теміртау әкімі Ғалым Әшімов осы жағдайға тоқталып өтті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облысы әкімдігінің ақпарат орталығына сілтеме жасап.

"Бұл табиғи фактор, соны ескеру керек, бұдан ешкім де сақтандырылмаған. Жабдықтарды сақтау үшін уақытылы шаралар қабылданды. Оны алып шықтық, ол су астында қалған жоқ. Самарқанд су қоймасынан су ағызуды секундына 600 текше метрге дейін азайту керек. Жұма-жексенбі күндері су секундына 1200 текше метрден ағызылды, қазір 800-ге дейін азайтылды", - деді Ғалым Әшімов.

Оның айтуынша, ұңғымаларды құрғату жұмыстары басталды. Техникалық шараларға 5 күн қажет. "Су басудың салдарын жою бойынша қажетті шаралар қабылданды", - деп атап өтті қала басшысы. Теміртаулықтар су жеткізуді сұрағандықтан, облыс орталығынан көмек көрсетілді.

"Ертістен су жеткізу ұлғайтылды. Бірақ бұл жеткіліксіз. Жылыту маусымын 17 сәуірде аяқтауды жоспарлаған болатынбыз. Суық су болмай тұрғанда, қала тұрғындарын жылы сусыз қалдырғымыз келмейтіндіктен, оны ұзартуға шештік", - деді Ғалым Әшімов.

Қала басшысының айтуынша, Теміртауда су тасқынына қарамастан үйлер аман қалды. "Осы мақсатта ақпан айынан бері су тасқынына қарсы іс-шаралар қолға алынды. Суды жібермеу үшін үйінділер жасалды. Кәсіпорындар техникамен және өз ресурстарымен көмектесті", - деді Теміртау әкімі Ғалым Әшімов.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети