Теміржолшылар төрт күндік жұмыс күніне өтеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Теміржолшылар төрт күндік жұмыс күніне өтеді © Тұрар Қазанғапов

Қазақстанда теміржол саласының жұмысшылары толық емес жұмыс аптасына ауысады, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz тілшісі ҚР Теміржолшылар кәсіподағының төрағасы Оразғали Ахметбаевқа сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қазақстанда теміржол саласының жұмысшылары толық емес жұмыс аптасына ауысады, - деп хабарлайды  Tengrinews.kz тілшісі ҚР Теміржолшылар кәсіподағының төрағасы Оразғали Ахметбаевқа сілтеме жасап.

Ахметбаев мұндай шараға жұмыс орындарын қысқартпау мақсатында өту жоспарланғанын түсіндірді. 

"Осыған байланысты біздің салада бүгінде қиын жағдай туды, жүк айналымы азайды, тасымалданатын жүк азайды, әрине, өз шығынымызды қайта қарау қажет болды, оның ішінде жұмысшыларымыздың қажеттілігін де қарадық. Жұмыс орындарының қысқаруын болдырмау үшін кәсіподақ пен компания басшылығы бірнеше рет біріккен жиналыс өткізді және кеше ғана келісімге келдік. Енді 1 қыркүйектен бастап толық емес жұмыс аптасын енгізуді шештік, мақсатымыз жұмыс орындарын қысқартпау. Бұл режимді осы жылдың соңына дейін жалғасады деп болжап отырмыз", - деді Ахметбеков.

Сонымен қатар, ол толық емес жұмыс аптасы режимінің ауысыммен жұмыс істейтіндерге қатысы жоқ болатынын айтты. 

"Толық емес жұмыс аптасы дегеніміз бұл - егер бізде бес күндік жұмыс аптасы режимінде жұмыс болса, енді бұл жұмысшылардың категориясына төрт күндікті енгіземіз деген сөз. Тұрақсыз кесте демалыс күнінің міндетті түрде жұмада болатынын көрсетпейді, ол апта ортасында да болуы мүмкін, себебі теміржол - үздіксіз процесс. Жұмыс технологиясына байланысты болады - біреу дүйсенбіде, ал біреу сәрсенбі немесе басқа күндерде демалады. Бұл режим ауысыммен жұмыс істейтіндерге қатысты емес. Ол бірінші кезекте топ-менеджерлерге қатысты болады. Олардың жұмыс күні қысқарады деген болжамымыз бар", - деді теміржолшылар кәсіподағының төрағасы.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети