Қызылорда облысы Қармақшы ауданының тұрғыны Бибігүл Әбішева темір техниканы бір кісідей меңгеріп, тілін тапқан. Биыл 70 жасқа толғалы отырған Бибігүл 22 жыл тізгіндеген тракторын көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Qazaqstan телеарнасына сілтеме жасап.
Қызылорда облысы Қармақшы ауданының тұрғыны Бибігүл Әбішева темір техниканы бір кісідей меңгеріп, тілін тапқан. Биыл 70 жасқа толғалы отырған Бибігүл 22 жыл тізгіндеген тракторын көрсетті, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Qazaqstan телеарнасына сілтеме жасап.
Бибігүл Әбішева 1969 жылы училищені бітіргеннен кейін "Коммунизм" совхозында күріш егу секілді көптеген күрделі шаруа атқарған. Сол тұста басқарылуы қиын МТЗ-80 темір тұлпарын тізгіндеген екен.
"Шәменов Мөрәлі аға гаражға шақырып алып, трактордың бәрін қатар-қатар қойған екен, таңдағандарыңды алыңдар деді. Қарап тұрсам бір трактордың бет әлпеті жақсылау, тазалау екен. Соны алам дедім. Ол кезде тракторларды жіппен тартып оталдырады. Ал бар оталдыр деді, содан келдім де аяғымды тіреп тұрып, жіпті тартып оталдырғанымда "ой, қызым бәрекелді" деді",- деп еске алды Бибігүл Әшірбаева.
Еңбек жолын Жалағаш ауданындағы "Коммунизм" совхозында трактор жүргізушісі болып бастаған. Қазір трактор тізгініне сирек отырады. Дегенмен көлік басқару дағдысы ұмытылмаған. Ол телеарна тілшілері көзінше тракторды қиналмастан оталдырып, жүргізіп кетті.
"Айдаймыз, неге айдай алмаймыз, үйренген жұмыс, оқыған оқуды адам ұмытпайды ғой қанша дегенмен. Осы тракторды мен 22 жыл айдаған екенмін", - дейді Бибігүл.
Бұдан кейін механизатор болып, талайға техника тілін үйреткен. Бибігүл Әбішева "Еңбек даңқы" орденімен марапатталған. Әлі күнге дейін шаруашылық жұмыстарға араласып, көпке үлгі көрсетіп жүреді. Жолдасы екеуі тракторды қатар тізгіндеп, өмірде де, қызметте де жарасым тапқан. Бүгінде ол зейнетін көріп, ұрпақ қызығына бөленіп отыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!