26 наурыз 2014 | 13:07

Теміржол билетін үйде принтермен басып та шығара алады

ПОДЕЛИТЬСЯ

Фото life24.kz сайтынан Фото life24.kz сайтынан

Бүгін кешкі сағат 19:00-де "Қазақстан темір жолы" ұлттық компаниясы электронды билеттерді сатып алудың жаңа қызметін іске қосады, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Компанияның ақпараттық технологиялар дирекциясының басшысы Сергей Никитенконың айтуынша, бүгіннен бастап қазақстандықтар үйде отырып, ғаламтор арқылы темір жол билетін тек сатып алып қана қоймай, принтермен басып та шығара алады. Билеттің сырт келбеті әуе билетіне ұқсайды. Онда поезд бен бағыт-бағдардың нөмірі, вагон, сондай-ақ орын көрсетіледі. Осы ақпараттың барлығы автоматты түрде вагон жолсеріктерінің электронды тіркеу құралдарына түседі. Олар өз кезегінде штрих-код арқылы құжаттың түпнұқсалығын анықтайды. "Бұл жоба әзірше Алматы, Астана, Орал, Атырау және Ақтөбеде қолға алынып, төрт бағыт-бағдар: "Алматы-Астана" (01 және 02-ші поезд), "Орал - Астана" (57 және 58-ші поезд), "Атырау - Алматы" (77 және 7-ші поезд) мен "Ақтөбе - Астананы" (87 және 8-ші поезд) қамтиды. Ал 2015 жылға қарай жоба Қазақстанның барлық аймақтарына таралатын болады", - дейді С.Никитенко.

Иконка комментария блок соц сети

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

Ауа райы

Редакция Жарнама
Социальные сети