Қазақстанда теміржол билеттерін интернет арқылы сатып алу әлемдік тәжірибемен сәйкестендіріледі, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстанда теміржол билеттерін интернет арқылы сатып алу әлемдік тәжірибемен сәйкестендіріледі, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Қазақстан темір жолы" ҰК" АҚ баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
Қазақстанда темір жол билетін Интернет арқылы сатып алу технологиясы қолданысқа енгізілді. Бұл әлемдік тәжірибеде бар әдіс бойынша билет дистанциялық түрде ресімделеді. Қағаз түріндегі көшірмесі принтерден шығарылады. Жолаушының пойызға отыруы электрондық тіркелу арқылы жүргізіледі. Қазіргі таңда бұл шара Астанада 26 наурызда сағат 19:00-де WWW.EPAY.RAILWAYS.KZ сайтында басталады.
"Бүгіннен бастап бұл нұсқа қанатқақты жоба ретінде Алматы-Астана (001/002-пойызы), Орал-Астана (057/058-пойызы), Атырау-Алматы (077/078 -пойызы), Ақтөбе-Астана (087/088) пойыздарына енгізілді",- деп хабарлады «Қазақстан темір жолы» ұлттық компаниясының кеңсесінде өткізілген баспасөз конференциясында «Ақпараттық технологиялар дирекциясы» филиалының директоры Сергей Никитенко. Интернеттегі билет сатумен Қазақстанның барлық өңірі 2015 жылға дейін қамтылатын болады.
"Компьютер арқылы билет сатып алған жолаушы бұрынғыдай кассаға бармастан, тікелей пойызға отырар алдында жолсерікке билетін көрсетеді. Жолсерік мобильдік терминал арқылы тіркейді. Сонымен қатар теміржол кассасы арқылы билет сату да жүргізіледі. Электрондық билет сату айналымға енген кезде клиент «Жолаушылар тасымалы» АҚ-ынының кассасына барғанда қолына билеттің көшірмесін алады. Бұл да ақы төлеу терминалы сияқты транзакция чегіне ұқсайды. Жол жүру құжатында пойыздың барлық мәліметтері көрсетіледі. Оның ішінде нөмірі, бағдары, вагонның нөмірі, орны - бәрі қамтылады. Бұл ақпараттар билетті сатып алу кезінде жолсеріктің электрондық тіркеу құралында көрінеді. Пойызға отырар алдында жолаушы фискальды билетті немесе жеке куәлігін, төлқұжатын көрсетіп, өз орнына отырады",- делінген таратылған хабарламада.
Жаңа технология - электрондық билеттің соңғы үлгісі. Бұл өз кезегінде қағаз жол құжаттарынан бас тартып, жолаушыға барынша қолайлы жағдай туғызады. Билет сату автоматтандырылады. Жолаушылар шаруашылығында жұмыс тиімділігі жақсарады. "Электронды билет бір мезгілде салық органдарына мойындалған фискальды чек ретінде жүреді. Сондықтан да мұндай жол жүру билеттері іссапар жөніндегі есеп беру кезінде ресми құжат ретінде танылады",- дейді баспасөз конференциясында «ҚТЖ» ҰК» АҚ «Электронды билет» жобасының менеджері Ғазиз Дөненбей. Жолаушының үйде, жұмыс орнында отырып- ақ компьютермен немесе интернеті бар ұялы телефонмен де билет алуына болады.
Аталмыш жобаны «Қазақстан темір жолы» ҰК» АҚ, «Жолаушылар тасымалы» АҚ және ұлттық компанияның «Ақпараттық технологиялар дирекциясы» бірлесіп жасап отыр. Бұл бағдарлама Қазақстан Президентінің Жолдауына сәйкес, 2013 жылғы қаңтардың 8-індегі қабылданған «Ақпараттық Қазақстан -2020» Мемлекеттік бағдарламасына орай жасалып отыр. Ол маңызды бағдарлама бойынша 2017 жылы электрондық құжат айналымы 40 пайызға жеткізілсе, 2020 жылы жүз пайызға орындалуы тиіс.