Теміртауда ер адам "Мәңгілік полк" шеруін жалғыз өткізді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Теміртауда ер адам "Мәңгілік полк" шеруін жалғыз өткізді Видеодан алынған

Теміртауда ер адам "Мәңгілік полк" шеруін жалғыз өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Теміртауда ер адам "Мәңгілік полк" шеруін жалғыз өткізді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Instagram әлеуметтік желісіндегі жергілікті топ-парақшасында Теміртаудағы Республика даңғылымен ардагерлер портретін көтеріп бара жатқан ер адамның видеосы жарияланды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Темиртау Таймс | Temirtau (@temirtau.times)

Оқырман видеоға ер адамды қолдап, пікірлер қалдырған.

"Құрметке лайық!!! Салмақты әрекет!!!", "Ата-бабасының суретін мақтанышпен және жасандылықсыз көтеріп барады... Батырларға мәңгілік тағзым! Жеңіс күні құтты болсын!", "Жарайсыз! Жалғыз болса да нағыз батыр. Карантиннен қорқып, адамдарды қасиетті мерекеден айырған барлық шенеунікке сабақ болды", "Мұндай адамдарға құрмет", - деп оқырман пікір қалдырған.

Айта кетейік, биыл Salem social media ұжымы "Мәңгілік полк" акциясын онлайн режимде өткізіп жатыр. 10 күн бойы кез келген адам жеңімпаздарды құрметтеп, ардагерлерді құттықтай алады. Мыңдаған ардагердің портреті бүкіл ел көре алатын тікелей эфирде пайда болады.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети