Теміртауда төтенше жағдай енгізілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Теміртауда төтенше жағдай енгізілді Фото ©️ Tengrinews.kz / Турар Казангапов

Теміртауда төтенше жағдай енгізілді. Бұл туралы қала әкімі Ораз Тәуірбеков мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Теміртауда төтенше жағдай енгізілді. Бұл туралы қала әкімі Ораз Тәуірбеков мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әкімнің айтуынша, Теміртаудың бір бөлігі сусыз қалған. Оның себебі - қаланың оң жағалауындағы тұрғындарды сумен қамтамасыз ететін су құбырынан апат шығуы.

"Кеше оң жағалау тұрғындарын ауызсумен қамтамасыз ететін су құбыры учаскесінде пайда болған технологиялық ақауға байланысты бұл аймаққа ауызсу беруді уақытша тоқтатуға мәжбүр болдық.

Қалыптасқан жағдайдың барлық салдарын ескере отырып және қолданыстағы заңнаманың нормаларын басшылыққа ала отырып, төтенше жағдай режимін жарияладым. Оның аясында ауызсумен жабдықтаудың штаттық режимін қысқа мерзімде қалпына келтіру үшін қажет шараларды қабылдаймыз", - деді қала әкімі.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Таурбеков Ораз Кайсаевич (@oraz_taurbekov)

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети