Теміртауда заңсыз майнинг фермасы әшкере болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

видео кадры

ҚМА Қарағанды облыстық прокуратурасының үйлестіруімен Теміртау қаласында заңсыз майнинг фермасын ұйымдастыру дерегін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМА мәліметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

ҚМА Қарағанды облыстық прокуратурасының үйлестіруімен Теміртау қаласында заңсыз майнинг фермасын ұйымдастыру дерегін анықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚМА мәліметіне сілтеме жасап.

Күдіктінің Теміртау қаласындағы өндірістік база аумағында металл контейнерлерде криптовалюта өндіру үшін арнайы жасалған есептеу құрылғыларының кешенін орнатқаны анықталды.

"Тінту барысында объектіден 156 майнинг жабдықтары (ASIC) және басқа да қосалқы құрылғылар табылып, тәркіленді. Қазіргі уақытта алдын ала тергеу жүргізіліп жатыр. Тергеу аясында Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процесстік кодекстің 201-бабына сәйкес басқа ақпараттар жарияланбайды", - делінген хабарламада.

Жыл басынан бері заңсыз майнингтік фермаларды ұйымдастырудың 11 дерегі анықталған, олардың қылмыстық табысының жалпы сомасы 440 миллион теңге болады. Тергеу барысында 269 миллион теңге сомасында майнингтік жабдықтары тәркіленіп, 373 миллион теңге сомасында цифрлық активтер өндірілді. Сотқа жіберілген екі қылмыстық іс бойынша жалпы қылмыстық табыс 216 миллион теңге болған.

Осы істер шеңберінде 1,1 миллиард теңгелік мүлік пен 30 миллион теңгеден астам цифрлық активтерге тәркіленді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети