Теміртаудағы гараждардың бірінен 16 жастағы маугли-жасөспірім табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Теміртаудағы гараждардың бірінен 16 жастағы маугли-жасөспірім табылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Теміртау тұрғыны Наталья Иванова Tengrinews.kz тілшісіне гаражда қамауда отырған кәмелетке толмаған баланың тағдыры туралы айтып берді. Ол бала асыранды екенін айтты. Әйелдің айтуынша, бала жаза да, оқи да алмайды және мүлде ешкіммен араласпайды.
"Бала Маугли сияқты. Ол асырап алған отбасында өсті. Өз ата-анасы қайда екені белгісіз. Сондай-ақ, асырап алған ата-ананың бала асырап алу құжаттары мен оның туу туралы куәлігі де жоқ екенін айтып жүр. Сол себепті де бала мектепке бармаған шығар. Оған қарай алмай, гаражға қамап қойған", - дейді Теміртау қаласының тұрғыны.
Қарағанды облыстық Полиция департаментінің баспасөз қызметі жағдайға қатысты пікір білдірді. Tengrinews.kz тілшісінің ресми сауалына ведомство жасөспірім тамызда табылғанын айтты.
"Теміртау қаласының полиция қызметкерлері тамыздың басында гараждардың бірінен бостандығынан айырылған жасөспірім табылғанын анықтады. Оған дұрыс тәрбие бермеген Теміртау қаласының тұрғыны анықталды. Факт бойынша Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 126-бабы "Бас бостандығынан заңсыз айыру" және Қазақстан Республикасы Қылмыстық кодексінің 141-бабы "Балалардың өмірі мен денсаулығының қауіпсіздігін қамтамасыз ету жөніндегі міндеттерді тиісінше орындамау" бойынша қылмыстық істер қозғалды", - деді Қарағанды облысы ПД баспасөз қызметі өкілдері.
Сондай-ақ, департамент бүгінде оқиғаға қатысушылардың барлығы анықталып, жауап алынғанын қосты. Қажетті сараптамалар жүргізілген. Тергеу жалғасып жатыр.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!