Теміртау әкімі қалаға түскен қара қарға қатысты экологтардан жауап күтіп отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Теміртау әкімі қалаға түскен қара қарға қатысты экологтардан жауап күтіп отыр, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Терезенің алдындағы және терезенің жақтауындағы қар. Құрметті, Теміртау қаласының әкімі, сіз көшеде не болып жатқанын көрмей отырсыз ба??? Керней тартатын кез келді ғой!!!", - деп суреттерін жариялады Теміртаудың тұрғыны Денис Горобец Facebook желісінде.
© Денис Горобец.
"Бұл жағдайға қатысты қаланың әкімі экология департаментіне суреттермен және экологиялық қызметтің жауабымен қосып хат жазды. Жауабын күтіп отырмыз. Өкінішке қарай, төтенше жағдайлар қызметінің қалалық экологы қалада жоқ", - деп жауап берді тұрғынның жазбасына пікір қалдырған Теміртау әкімінің баспасөз хатшысы Ольга Горячева.
Тағы бір тұрғын 6 қаңтар күні ауласында түсірген суретті жариялады.
© Светлана Егорова.