Теміртаудағы қызғылт шаң: Атамқұлов кәсіпорынды тексерді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Теміртаудағы қызғылт шаң: Атамқұлов кәсіпорынды тексерді Видеодан кадр

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Бейбіт Атамқұлов Теміртау қаласындағы металлургия комбинатында "АрселорМиттал Теміртау" АҚ басшылығымен кездесіп, кәсіпорынды тексерді. 19 ақпанда кәсіпорыннан қызғылт шаң тарады және Қарағанды облысы Экология департаментіндегілердің айтуынша, ластаушы заттардың рұқсат етілген нормаларынан асып кету дерегі тіркелген, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Министр ең алдымен конвертер цехына барды. Онда жақында №2 конвертерде үрлеу кезінде алғашқы газ тазалау пресс-скрубберінің қабырғаларына жабысып қалған шаң опырылып құлаған. Содан кейін пеште балқыту тоқтатылды. Бебіт Атамқұлов кәсіпорынның техникалық мамандарының оқиғаның ықтимал себептері туралы мәліметін тыңдады.

Министр, сондай-ақ, кокс-химиялық өндірісте, домна пешінде, ыстықтай мырыштау және алюминийлеу цехында болды. Кәсіпорын басшылығына дереу жаңғырту мен инвестицияны қажет ететін кокс батареяларының жай-күйіне назар аудару керегін ескертті.Бұл цех технологиялық процестің шикізат құрамаларын, сондай-ақ болат өндірісінің барлық негізгі техникалық бөлінісінде қолданылатын кокс газын жеткізеді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети