11 қараша 2018 10:27

Теміртаудағы металлургия комбинатында төтенше жағдай: Тергеу басталды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Теміртаудағы металлургия комбинатында болған апатты тергеу үшін ҚР Инвестициялар және даму министрлігі комиссия құрды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Теміртаудағы металлургия комбинатында болған апатты тергеу үшін ҚР Инвестициялар және даму министрлігі комиссия құрды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ведомствоның баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Комиссия "АрселорМиттал Теміртау" АҚ-да болған апатты тергеуге кірісті. Өрт 10 қарашада, сағат 19.53-те басталды. Комбинат қызметкерлері өртті сағат 22.21-де ауыздықтады.

"АрселорМиттал Теміртау" АҚ-дағы оттек цехы жағында диаметрі 820 милиметрлік сығылған ауа құбыр желісі мен диаметрі 720 милиметрлік оттекжелісінің опырылғаны туралы хабарлама келіп түсті. Салдарынан әктас өртеу цехының жанындағы газ құбыры желісінде өрт шыққан", - деді министрліктегілер.

Айта кетейік, өрт салдарынан конвертер цехы ғимаратының конструкциясына зақым келді, оған көпір краны, дайын өнімді үздіксіз құю машинасы, су өңдеу жабдығы құлаған. Сонымен қатар, құбыр желілері (су, бу, газ), кабельдік өнім бүлінді. Конвертер цехтың, әктас өртеу цехының, барлық илемдеу цехының, темірлік цехтың жұмысы тоқтатылды. Цех жұмысшылары арасында мерт болғандар жоқ.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 447.35   490.7   4.75 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети