Теміртаудан шығаберісте боранға байланысты 40 көлік тұрып қалды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Теміртаудан шығаберісте боранға байланысты 40 көлік тұрып қалды видео кадры

Қарағанды – Астана тасжолында көліктер колоннасы тұрып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Қарағанды – Астана тасжолында көліктер колоннасы тұрып қалды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Қарағанды облыстық Полиция департаментінің мәліметінше, Боран салдарынан Қарағанды – Астана тасжолында, Баймырза мен Ошақанды елді мекендерінің арасында 40 автокөлік тұрып қалған.

Қазіргі уақытта барлық көлік түрлері үшін қозғалыс жабық:

  • Қостанай облысы – Жезқазған – Арқалық – Петропавл автожолының 339-377 шақырымы (Арқалық қаласынан Ақмола облысының шекарасына дейін).
  • Ақмола облысы – Жезқазған – Арқалық – Петропавл автожолының 377-440 шақырымы (Қостанай облысының шекарасынан Державинск қаласына дейін).
  • Сондай-ақ 856-1230 шақырым аралығында Астана – Қарағанды – Алматы автожолы (Солтүстік Қазақстан облысының шекарасынан Қажымұқан ауылына дейін).

Жолдың болжамды ашылу уақыты – 14 ақпан, 07:00.

  • Қарағанды облысы – Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті автожолының 970-1135 шақырымы (Қарағанды қаласынан Павлодар облысының шекарасына дейін).
  • Павлодар облысы – Қызылорда – Жезқазған – Қарағанды – Шідерті автожолының 1135-1206 шақырымы (Қарағанды облысының шекарасынан Шідерті ауылына дейін).

Жолдың болжамды ашылу уақыты – 14 ақпан, 08:00.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети