Теміртаудың бір бөлігі жылусыз қалды

Жансая Қадыржанова
Жансая Қадыржанова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Теміртаудың бір бөлігі жылусыз қалды elements.envato.com

Теміртауда жаңа жылу магистралінде апат болып, ондаған көпқабатты үй жылусыз қалды. Тұтынушыларға қайта есептеу жүргізілетіні айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Теміртауда жаңа жылу магистралінде апат болып, ондаған көпқабатты үй жылусыз қалды. Тұтынушыларға қайта есептеу жүргізілетіні айтылды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Теміртау әкімдігінің мәліметінше, 28 қазанда апатқа байланысты жылу өшірілген. Бұл кезде Мир және Металлургтер даңғылдары қиылысында диаметрі 720 миллиметр болатын жылу желісінің ескі учаскесінің жеткізу құбырында ақау шыққан.

"Оқжетпес-Т" жөндеу бригадасы ұзындығы төрт метрге жуық учаскені жөндеді. Жұмыс сол күні аяқталды", - деді ведомство өкілдері.

Бірақ қала тұрғындары жылуды толық алмаған. 29 қазанда жаңа, үшінші жылу магистралінде компенсатор істен шыққан. Сондықтан тұрғындар жылу мен ыстық сусыз қалған. Жылу магистралін салған мердігер компания мәселені жалғыз шеше алмаған. Бұл үшін АрселорМиттал Теміртау мамандары тартылған.

"Сағат 11.00-дегі жағдай бойынша, 48 үй жылумен қамтамасыз етілді. 10 үй жылусыз қалды. Бүгінде барлық күш пен құрал жеткілікті. Осы жағдайды жолға қою үшін барлық шараны қабылдаймыз", - деп атап өтті Теміртау ТКШ, жолаушылар көлігі, автомобиль жолдары, құрылыс және тұрғын үй инспекциясы бөлімінің басшысы Ринат Қыдырбеков.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети