Астанадағы № 59 мектеп-лицеінің директорына қатаң сөгіс жарияланды. 2016 жылдың 30 қарашасында сегізінші сынып оқушысы Темірұлан Диханбаев қайтыс болған еді. Бұл туралы Астана білім басқармасы басшысының міндетін атқарушы Әнуар Жанғозин мәлімдеді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

"Төтенше жағдай болды. Тергеу жүргізілді. Ішкі істер департаментіндегілер де жұмыс істеді. Бұл жағдай ІІМ деңгейінде қаралды. Біздің тараптан мектеп директорына қатаң сөгіс жарияладық. Осыған дейін директордың үстінен ешқандай шағым түскен емес. Бірақ болған жағдай қатты алаңдатады. Сондықтан қазіргі уақытта мектепті ерекше бақылауға алдық", - деді Әнуар Жанғозин.
Еске сала кетейік, 2016 жылдың 30 қарашасында Т. Диханбаевтың өліміне қатысты ҚР Қылмыстық кодексінің 104-бабы бойынша ("Абайсызда қазаға ұшырату") сотқа дейінгі тергеу басталған болатын. "2016 жылы 30 қарашада Астананың №59 мектеп-лицейінде, бесінші сабақтың соңында (шамамен 12:12-де) 28.04.2002 жылғы 8 "Ж" сыныбының оқушысы өзін нашар сезінген. Мұғалім дереу мектептің медициналық қызметкерін шақырған. Жедел жәрдем келгенше балаға қолдан дем алдыру жасаған. 25 минуттың ішінде жедел жәрдем келіп, өз кезегінде жансақтау шараларын жалғастырған. Алайда баланы құтқарып қалу мүмкін болмаған. Алдын ала болжам бойынша диагнозы: жүрек жеткіліксіздігі", - деген еді Астана қаласының Білім басқармасының басшысы Қасымхан Сенғазыев.