Теңге бағамы Астанадағы жанармай құнына әсер етпейді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Теңге бағамы Астанадағы жанармай құнына әсер етпейді © Тұрар Қазанғапов

Теңге бағамы Астанадағы жанармайдың бағасына әсер етпейді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. Бұл туралы бүгін елорда әкімінің орынбасары Андрей Лукин Астанадағы әлеуметтік маңызды азық-түліктің бағасына мониторинг мәселесіне байланысты өткен баспасөз мәслихаты кезінде айтты.

"Жанар-жағармай материалдары барлық автокөліктерге жанармай құю станциясында бекітілген мәннен асқан жоқ. Жанармай бағасының қымбаттауы туралы дерек тіркелген жоқ. Қазақстан энергетика министрінің "Бағаларына мемлекеттік реттеу белгіленген бөлшек саудада өткізілетін мұнай өнімдеріне шекті бағаларды белгілеу туралы" бұйрығына сәйкес биыл 19 мамырда жанармайдың шекті бағалары белгіленді: Аи-80 - 89 теңге, Аи-92, 93 - 108 теңге және дизельді отын - 99 теңге. Осыған орай жанар-жағармай материалдары теңге бағамының ауытқуына тәуелсіз, тұрақты болып қалады", - дедіАндрей Лукин ОКҚ брифингі кезінде.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети