28 қазан 2015 | 13:25

Теңге бағамындағы өзгерістен кейін Қазақстанда азық-түлік қаншалықты қымбаттады

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Тұрар Қазанғапов © Тұрар Қазанғапов

Теңге бағамындағы өзгерістен кейін Қазақстанда азық-түлік бағасының қаншалықты көтерілгені туралы мәліметтерді "Қазагромаркетинг" АҚ мамандары Tengrinews.kz редакциясына ұсынды.


Иконка комментария блок соц сети

Теңге бағамындағы өзгерістен кейін Қазақстанда азық-түлік бағасының қаншалықты көтерілгені туралы мәліметтерді "Қазагромаркетинг" АҚ мамандары Tengrinews.kz редакциясына ұсынды.

"Қазагромаркетинг" мәліметтері бойынша, қанттың бағасы 25,8 пайызға көтеріліп, бір келі өнімнің құны 163 теңгеден 205 теңгеге өзгерді. Мамандар мұны егін алқаптарының кішіреюімен түсіндіріп отыр. Осыған байланысты 2011 жылдан бастап қант қызылшасының жалпы жиыны 88 пайызға төмендеген.

Ресми мәліметтер бойынша, инфрақұрылымның ескеруі, Қазақстандағы қант зауыттарындағы өндірісті жетілдірудің ұзақ уақыт бойы болмауы және айналымдағы қаржының жетіспеушілігі өнім бағасына әсер етіп отыр.

"Қазагромаркетинг" мәліметтері бойынша, күнбағыс майы өңірлерде 14,3 пайызға қымбаттады, баға 265-тен 303 теңгеге көтерілді. Мамандар оның себебін жеткізушілердегі өнім қорының қысқарғанымен, өндірушілерде өткен жылғы шикізаттың болмауымен және баға көтеріледі деген күдікпен халық арасында сұраныстың ұлғаюымен түсіндірді. 

1 санаттағы жұмыртқа 31,6 пайызға қымбаттады, он шақты жұмыртқаның бағасы 133 теңгеден 175 теңгеге өзгерді. Мамандар жұмыртқаның қымбаттауына маусымдық фактор себепші болды деп отыр. Яғни бағаның көтерілуі немесе төмендеуі тауықтардың жұмыртқа салуларына байланысты болады, сонымен қатар, импортталатын жем бағасының көтерілуі де әсер етіп отыр, өндірушілер оларды шетелден шетелдік валютамен сатып алады.

Тауық еті 12,5 пайызға қымбаттады, қазір оның келісі бұрынғыдай 433 теңгеден емес, 487 теңгеден сатылады. Оған себеп - импортталатын өнімдердің қымбаттауы.

Сонымен қатар, "Қазагромаркетинг" мамандары кейбір өнімдердің арзандағанын айтып отыр. Мысалы, пияз 12 пайызға арзандады. Оның әр келісі тамыз айында 77 теңгеден сатылса, қазір - 68 теңге. Картоп 13 пайызға арзандап, баға 77 теңгеден 67 теңгеге түсті. Ал сәбіздің бағасы 27 пайызға түсті, баға 113-тен 82 теңгеге өзгерді. Қызылша 21 пайызға арзандады, баға 113 теңгеден 89 теңгеге төмендеді.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети