Ахметжан Есімов. ©Ярослав Радловский
Теңге бағамының өзгеруіне байланысты Алматы қаласының бюджеті қайта қаралатын болады. Бұл туралы қала әкімі Ахметжан Есімов қалалық мәслихаттың XXIV сессиясы барысында айтты деп хабарлайды Tengrinews.kz қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап. "Алматы қалалық мәслихаты 2014 жылға арналған қала бюджетінің 389 млрд 673 млн теңге болатын жалпы сомасын бекітті. Қолдағы нақты бюджет 318 млрд 944 млн теңгені құрады немесе 15 млрд 736 млн теңгеге өсті", - делінген таратылған хабарламада. Қала әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл бюджет қайта қаралғанымен, барлық әлеуметтік кепілдеме толық көлемде сақталатын болады. Бұл мақсат үшін қажетті қаражат қарастырылып жатыр. Ахметжан Есімов депутаттарды өз округтерінде әлеуметтік маңызы бар тауар түрлерінің бағасын қадағалауға шақырды.
Теңге бағамының өзгеруіне байланысты Алматы қаласының бюджеті қайта қаралатын болады. Бұл туралы қала әкімі Ахметжан Есімов қалалық мәслихаттың XXIV сессиясы барысында айтты деп хабарлайды Tengrinews.kz қала әкімінің баспасөз қызметіне сілтеме жасап.
"Алматы қалалық мәслихаты 2014 жылға арналған қала бюджетінің 389 млрд 673 млн теңге болатын жалпы сомасын бекітті. Қолдағы нақты бюджет 318 млрд 944 млн теңгені құрады немесе 15 млрд 736 млн теңгеге өсті", - делінген таратылған хабарламада.
Қала әкімі баспасөз қызметінің мәліметінше, биыл бюджет қайта қаралғанымен, барлық әлеуметтік кепілдеме толық көлемде сақталатын болады. Бұл мақсат үшін қажетті қаражат қарастырылып жатыр. Ахметжан Есімов депутаттарды өз округтерінде әлеуметтік маңызы бар тауар түрлерінің бағасын қадағалауға шақырды.