Теңге тағы да әлемдегі ең әдемі банкнот атанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Теңге тағы да әлемдегі ең әдемі банкнот атанды © Collect.kz

The Telegraph басылымы әлемдегі ең әдемі банкноттардың рейтингін жасады.

ПОДЕЛИТЬСЯ

The Telegraph басылымы әлемдегі ең әдемі банкноттардың рейтингін жасады.

Рейтингке әлем бойынша 15 банкнот енгізілді. Тізімде алғашқы орынды Қазақстанның ұлттық валютасы - теңге алды. Басылым негізге тау фонындағы қар барысы бейнеленген 10 мың теңгелік купюраны алған.

Рейтингте екінші орында Оңтүстік Африка Республикасының ұлттық ақша бірлігі - оңтүстікафрикалық рэнд тұр. Барлық банкнотта әртүрлі жануар бейнеленген.

Үшінші орында - бес бірлік номиналындағы жаңазеландиялық доллар. Банкнотта сары көзді пингвин - хоихо бейнеленіпті.

Төртінші орынды француз тынықмұхитты франкі алды. 500 бірлікті номиналда адамдар, аралдағы флора мен фауна көрсетілген.

Үздік бестікке коста-рикалық колон деген атаумен танымал болған Коста-Рика валютасы кірді. Екі мыңдық номиналда акула мен теңіз жұлдыздары бейнеленген.

Соңғы, яғни 15-орында Нигерияның ресми валютасы - найра тұр. Бес бірлікті купюрада жергілікті тайпа бейнеленген.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети