02 ақпан 2020 14:02

Tengrinews.kz дизайнын өзгертеді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Құрметті оқырман!


Құрметті оқырман!

Tengrinews.kz ашылғанына биыл 10 жыл толып отыр. Осы уақыт бойында біз елдегі ең танымал интернет-ресурстардың біріне айналдық. Біздің аудитория - бір күнде жарты миллионнан аса қолданушы және тәулігіне 2,5 миллион қаралым. Әлеуметтік желілердегі парақшаларымызға 1,4 миллионнан аса адам жазылған. Біз қазақстандықтарға аптасына жеті күн, тәулігіне 24 сағат бойы ең маңызды оқиғаларды хабарлаймыз.

Бүгін Tengrinews.kz дизайнын өзгертеді. Артығынан арылып, сайттың бұдан да ыңғайлы әрі түсінікті болуын қалаймыз. Біздің концепция - "Біл, Оқы және Қара". Жаңа нұсқада өз видео және фотоконтентімізді көбейтеміз. Тоқтаусыз ақпарат пен автомат түрде жаңаратын жаңалықтар оқырмандарымызға уақытын үнемдеп, бұдан да көп маңызды мәлімет білуіне мүмкіндік береді.

Сайт кез келген құрылғы мен экранға жақсырақ бейімделетін болды. Бұл сыртқы өзгеріс қана емес. Жаңа дизайнның ішкі де техникалық ноу-хауы бар, бұл арқылы біз бұдан да жедел жұмыс істеп, жаңа форматтар мен сервистерді енгізе аламыз. Бұл - Tengrinews.kz тарихындағы ең ірі өзгерістердің бірі. 2020 жылға дайындаған жаңалығымыз мұнымен бітпейді. Бізді оқып, сайтымызға бей-жай қарамайтыныңызға рақмет!

Tengrinews.kz-тің жаңа қосымшасы қандай болғанын қалайсыз? Тағы қандай ұсыныстар айтасыз? Ұсыныс-тілегіңізді қуана-қуана оқимыз. Пікіріңізді осында жазыңыз, news@tn.kz поштасына хат жолдаңыз және +7 771 507 29 89 WhatsApp-нөміріне хабарлама жазыңыз.

Көп рақмет! Жаңа Tengrinews.kz құтты болсын!

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 446.44   490.7   4.77 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети