11 желтоқсан 2017 14:03

Tengrinews.kz "Халықтың сүйіктісі" атанды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Tengrinews.kz жаңалықтар порталы  "Үздік жаңалықтар порталы" номинациясы бойынша жеңіске жетіп, 2017 жылғы дауыс беру қорытындысы бойынша "Халықтың сүйіктісі" ұлттық жүлдесінің иегері атанды.


Tengrinews.kz жаңалықтар порталы  "Үздік жаңалықтар порталы" номинациясы бойынша жеңіске жетіп, 2017 жылғы дауыс беру қорытындысы бойынша "Халықтың сүйіктісі" ұлттық жүлдесінің иегері атанды.

Жүлделерді табыстау рәсімі 13 қаңтарда Астанада өтеді.

Tengrinews.kz дауыс берушілердің 46 пайыз даусын жинады. Сондай-ақ, Informburo.kz (28 пайыз), Zakon.kz (17 пайыз) және Today.kz (5 пайыз) порталдары номинацияларға ие болды.

Айта кетейік, жүлдеде барлығы 15 номинация бар.

"Үздік спортшы" номинациясын 74 пайыз дауыспен Қанат Ислам жеңді. Ал "Үздік спортшы қыз" атағын 68 пайыз дауыспен Фируза Шарипова жеңді.

"Жыл вайнері" номинациясын Нагимуша (34 пайыз) жеңді. Екінші орында Sekavines (29 пайыз), 3-орында TerryTima (21 пайыз) , ал 4-орында Yuframe командасы (15 пайыз) тұр.

"Үздік парламентарий" номинациясын 35 пайыз дауыспен депутат Зағипа Бәлиева жеңіп алды. Сондай-ақ, осы категория бойынша Нұрлан Дулатбеков (32 пайыз), Ирина Смирнова (26 пайыз) мен Майра Айсина (5 пайыз) номинацияларға ие болды.

Tengrinews.kz командасы барлық оқырманға алғыс білдіреді! Жүлденің басқа да жеңімпаздары жайлы мәліметті мына жерден көре аласыздар.

Читайте также
Join Telegram

Валюта бағамы

 443.2   490.7   4.82 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети