Теңіз вахта ауылында притон жоқ - Полиция

ПОДЕЛИТЬСЯ

Теңіз вахта ауылында притон жоқ - Полиция

Мессенджерлер арқылы таралып жатқан Теңіз вахталық ауылының аумағында притондар бар деген мәліметтер жалған болып шықты, - деп хабарлайды Тengrinews.kz тілшісі Атырау облыстық ПД баспасөз қызметіне сілтеме жасап. 

"WhatsApp мессенджерлері мен әлеуметтік желілерде таралған Теңіз вахталық кентінде бірнеше притондар анықталғаны туралы ақпарат шындыққа жанаспайды. Теңіз вахта кентінің аумағында болған оқиғадан кейін қоғамдық тәртіпті бұзуға жол берілген жоқ. Алдын алу жұмыстары жүргізілді, қазіргі уақытта жағдай тұрақты. ҚР ҚК 293-бабының 3-бөлігі ("Бұзақылық") бойынша сотқа дейінгі тергеу жалғасып жатыр. Сотқа дейінгі тергеу шаралары барысында оқиғаға қатысы бар адамдарды анықтауға бағытталған тергеу-жедел іс-шаралар кешені жүргізіліп жатыр", - деді полицейлер. 

Атырау облысының полиция департаменті арандатпауға және жалған ақпарат таратпауға кеңес береді. Осы заңды бұзғаны үшін қылмыстық жауапкершілік қарастырылған. 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

Ауа райы

location-current
Алматы

Редакция Жарнама
Социальные сети