Энергетика министрлігі "Теңізшевройл" ЖШС нысандарындағы жағдайға пікір білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
18 қаңтарда болған газ турбина қондырғылары өшуіне байланысты жағдайды толық анықтау мақсатында арнайы комиссия құрылып, жұмысқа кіріскен.
Энергетика министрі Ерлан Ақкенженовтің тапсырмасымен энергетика вице-министрі Қайырхан Тұтқышбаев Теңіз кен орнына барған.
"Комиссия құрамына мемлекеттік энергетикалық қадағалау комитетінің аумақтық департаменті, Атырау облысы әкімдігінің Энергетика басқармасы, KEGOC және Теңізшевройл өкілдері кірді. Мұнай өндіруді уақытша тоқтату туралы шешімді оператор (ТШО) қауіпсіздік хаттамасына сәйкес қабылдаған", - деп жазылған хабарламада.
Қазір комиссия болған жағдайдың себебін техникалық жағынан талдап жатыр.
"Барлық ресми қорытынды мен пікір тек комиссия жұмысының нәтижесі бойынша жарияланады. Жағдай Энергетика министрлігінің бақылауында", - деп жазылған хабарламада.
Айта кетейік, бұған дейін Атырау облысындағы Теңіз, Королев кен орындарында мұнай өндіру тоқтатылғаны хабарлаған болатын.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!