1. Басты
  2. Біл
  3. Жаңалықтар
  4. Ел жаңалықтары

Теңіз кен орнында 2 мыңнан астам мұнайшы COVID-19 жұқтырған - министр

Фото: euroelectric.kz Фото: euroelectric.kz

Денсаулық сақтау министрі Алексей Цой Теңіз кен орнында қанша жұмысшы коронавирус жұқтырғанын айтты, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Оның айтуынша, Атырау облысындағы кен орында 8 сәуірден бастап COVID-19 вирусын жұқтырудың 2 160 дерегі тіркелген.

"Оның ішінде Атырау облысының 1 809 тұрғыны, демобилизацияланғандардың арасында 351 адам коронавирус жұқтырған. Инфекция ошағы Теңіз кен орнындағы 36 вахталық кентте және 57 ЖШС-да тіркелді. Олар Теңізде жұмыс істейді", - деді министр орталық коммуникациялар қызметінде өткен баспасөз мәслихатында.

Айта кетейік, осыған дейін Теңіз кен орындағы эпидемиологиялық ахуал хабарланған еді