"Келешек кеңею" жобасының аяқталуына байланысты Теңіз кен орнында келесі жылы 39 мың жұмыс орнын қысқарту жоспарланып отыр. Олардың жартысына жуығы жергілікті тұрғындар, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Хабар 24" телеарнасына сілтеме жасап.

2022 жылдың бірінші тоқсанында 7 мың адам қысқаратыны айтылады.
Жұмыспен қамту басқармасы қысқартылған жұмысшыларға ары қарай жұмысқа орналасуға көмектесуге уәде беріп отыр.
"Қысқарған жағдайда өздеріңіз білесіздер, мемлекеттік бағдарламалар бар. Сол арқылы он екі мыңға жуық халықты жұмыспен қамтимыз деген жоспар бар. Мұнай химия кешені саласында инвестициялық жобалар бар. Жасалып, енді жасалайын деп жатқан жобалар бар. Соның аймағында құрылыс кезінде жиырма мыңға жуық халықты жұмыспен қамтимыз деген жоспар бар", - дейді Жұмыспен қамтуды үйлестіру және әлеуметтік бағдарламалар басқармасы басшысының орынбасары Еркебұлан Әбілқасымов.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!