Теңіз кен орнында жұмысшы қаза тапты

Гүлнара Досымшалова
Гүлнара Досымшалова Корреспондент

ПОДЕЛИТЬСЯ

Теңіз кен орнында жұмысшы қаза тапты lada.kz

Теңіз кенішінде жазатайым оқиға салдарынан бір жұмысшы қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Теңіз кенішінде жазатайым оқиға салдарынан бір жұмысшы қаза тапты, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі "Астана" телеарнасына сілтеме жасап.

Телеарна мәліметінше, құбырға сынақтар жүргізіп жатқан мезгілде бірі жүктемеге төтеп бере алмай жұмысшыға соғылған.

"2022 жылдың 24 тамызында "Қазтурборемонт" қосалқы мердігерінің Infradel Projects қызметкері Өркен вахталық қалашығының құрылыс алаңында өлі табылды.

ТШО басшылығы мен қызметкерлеріміздің атынан марқұмның отбасына шын жүректен көңіл айтамыз", - деді "Теңізшевройл" ЖШС баспасөз қызметі.

Atpress.kz басылымының мәліметінше, қаза тапқан қызметкер 50 жастағы Атырау қаласының тұрғыны екен.

Қазіргі уақытта оқиға болған кеніш аумағында барлық жұмыстар тоқтатылып, компания қызметкерлері вахталық қалашыққа жіберіліп, оқиғаға байланысты тергеу жұмыстары жүргізіліп жатыр.

"Infradel Projects мердіргер компаниясы мемлекеттік органдармен және прокуратурамен бірлесе отырып, жұмыстар жүргізіп жатырмыз. Ал, қызметкерге келсек, оның отбасымен тығыз байланыстамыз. Кеше түнде жедел түрде марқұмның денесі туған-туысқандарына жеткізілді. Біз аталған қызметкердің отбасысына өтемақы төлеуге дайынбыз. Сондай-ақ, компания қаза тапқан қызметкердің жерлеу рәсімін өткізеді", - деді Infradel Projects мердігер компаниясының өкілі.

Оқиға бойынша әзірге құзырлы органдар мәлімет берген жоқ.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети