Теңіз кен орнында жұмыстың бір бөлігі тоқтатылды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Теңіз кен орнында жұмыстың бір бөлігі тоқтатылды Фото: Tengizchevroil Facebook

"Теңізшевройл" кен орнындағы кей жұмысты тоқтата тұруға мәжбүр болғанын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz басылымына сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Теңізшевройл" кен орнындағы кей жұмысты тоқтата тұруға мәжбүр болғанын жариялады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Lada.kz басылымына сілтеме жасап.

Басылымның хабарлауына қарағанда, "Теңізшевройл" (ТШО) әлеуметтік желіде тарап жатқан "Тоқтату туралы" бұйрықтың шын және ТШО жұмысшыларына қатысты екенін растады. Бұл туралы компанияның баспасөз қызметіндегілер мәлімдеді.

Бұған дейін Ақтау тұрғындары әлеуметтік желілерде "Теңізшевройл" ЖШС компаниясының бұйрығын тарата бастады.

Компанияның баспасөз қызметіндегілер ТШО COVID-19 пандемиясына қарсы іс-қимыл аясында кейбір жобаны уақытша тоқтатқанын мәлімдеді.

"ТШО-ның жұмысы уақытша тоқтатылған жобаларындағы қызметкерлер ұжымдық шарт және еңбек заңнамасына сәйкес жалақысын алады. Бүгінде бұл бұйрық компанияның сегіз пайызға жуық қызметкеріне қатысты болып отыр", - деді баспасөз қызметіндегілер.

Компанияның дерегіне қарағанда, қазір ТШО қызметі бұрынғыдай үздіксіз жұмыс істеп жатыр.

Бұған дейін Теңіз мұнайшыларының вахталық мерзімін екі есе: 14 және 28 күннің орнына, 28 және 56 күнге ұзартылғаны хабарланды.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети