04 наурыз 2021 | 12:00

Теңіз кен орнында қалдықтарды қалай басқарады?

ПОДЕЛИТЬСЯ

Теңіз кен орны Атырау қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 160 шақырым далалы мекенде орналасқан. Кен орнын игеру жылдарында бұл жерде тек өндірістік кешен ғана емес, сондай-ақ Қазақстанның түрлі өңірлерінен мыңдаған қызметкерлер тұратын жүзге жуық тұрғын кенттері жаппай салынды. Теңізде жыл сайын бірнеше тоннаны құрайтын қалдықтар пайда болады. Алайда осында сол қалдықтарды тиімді өңдеп, ошларды басқару әдістерін экологтар Қазақстандағы басқа да өндірістік нысандарға мысал ретінде келтіреді.


Иконка комментария блок соц сети

Теңіз кен орны Атырау қаласынан оңтүстік-шығысқа қарай 160 шақырым далалы мекенде орналасқан. Кен орнын игеру жылдарында бұл жерде тек өндірістік кешен ғана емес, сондай-ақ Қазақстанның түрлі өңірлерінен мыңдаған қызметкерлер тұратын жүзге жуық тұрғын кенттері жаппай салынды. Теңізде жыл сайын бірнеше тоннаны құрайтын қалдықтар пайда болады. Алайда осында сол қалдықтарды тиімді өңдеп, ошларды басқару әдістерін экологтар Қазақстандағы басқа да өндірістік нысандарға мысал ретінде келтіреді.

Теңіз кен орнында күн сайын 60-қа жуық түрлі қалдықтар пайда болып, олардың 35-тен астамы қайта өңделеді. Пайда болған қалдықтарды ТШО дербес немесе біліктілік іріктеуінен өткен және іс жүзінде қалдықтарды қайта өңдеу бойынша өз мүмкіндіктерін растаған бөгде ұйымдарды тарта отырып кәдеге жаратады. 2015 жылдан бастап 2020 жылға дейінгі кезеңде қалдықтарды қайта өңдейтін ұйымдардың қалдықтар көлемі 500 000 тоннадан асты.

Теңіз экологтары қалдықтарды басқарудың бірыңғай жүйесін енгізген, онда қалдықтардың пайда болуын барынша азайтуға, қайта өңдеуге және қайта пайдалануға басымдық беріледі. Осы әдістерді біріктіру қоршаған ортаны қорғау саласындағы нормативтік талаптарға сәйкес, Қазақстан Республикасының "жасыл экономикаға" көшу жөніндегі тұжырымдамасын қолдауға мүмкіндік береді.

Қалдықтардың түзілуін төмендету, қайта пайдалану, қайта өңдеу.

Теңіз экологтарына мыңдаған бизнес-серіктес (мердігерлік ұйым) қызметкерлерін қалдықтарды мына санаттар бойынша бөлуге көндіру үшін бірнеше жыл қажет болды: пластикалық шөлмектер, картон, кеңсе қағазы, шыны, кондициялық емес металл және ТШО-ның барлық өндірістік алаңдарында, вахталық кенттерде және ТШО басқа нысандарында қалдықтың атауын қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде көрсете отырып, түрлі-түсті таңбаланған арнайы контейнерлер орнатылды. Бірақ қалдықсыз өндірісті сынаушылардың жинақталғаннан кейін ғана жақсы бастама қарқын ала бастады. Мысалы, 2019 жылы, 2017 жылмен салыстырғанда, пластикалық бөтелкелерді сұрыптау және беру 11 есе өсті, бұл массасы 700 тоннадан асады, ал картонды өңдеуге беру 8 есе өсті, бұл массасы 1500 тоннадан асады.

Қалдықтарды қайта пайдаланудың жарқын мысалы бизнес-серіктестердің ұсақталған ағашты жасыл кеңістіктер үшін мульча ретінде пайдалануы-ылғалды сақтау және буланудан болатын шығынды азайту мақсатында, сол арқылы ағаштар мен бұталарды Теңіз кен орнының шөлді климатының шамадан тыс әсерінен қорғауды қамтамасыз етеді. Сондай-ақ, бетон қалдықтарын ұсақтау нәтижесінде алынған қиыршық тас құрылыс материалы ретінде қайта пайдалануға өте үлкен сұранысқа ие.

3R бағдарламасы пайда болатын қалдықтардың мөлшеріне айтарлықтай әсер етеді және қалдықтарды қайта өңдеу мәдениетін дамытуға ықпал етеді, бұл өз кезегінде бірқатар артықшылықтар береді. Қалдықтарды басқарудың бұл тәжірибесі қалдықтарға мүмкіндігінше "екінші өмір" беруге мүмкіндік береді.

Теңіз Эко Орталығы

Кен орнынан барлық қалдықтар өндіріс және тұтыну қалдықтарын басқару жөніндегі компанияның "хабы" болып табылатын "Теңіз Эко Орталығы" нысанына тасымалданады.

Теңіз Эко Орталығы - бұл қалдықтарды басқарудың заманауи көп функционалды нысаны, ол жерде 100 га аумақта ТШО-ның барлық өндірістік орындарынан қалдықтарды қауіпсіз қабылдап, бөліп және қайта өңдейді. Жоба негізіне 2000-жылдардың басында Еуропа елдерінің қалдықтарды басқару нысандарының табысты үлгілері алынып, жобалау үшін Англиядан кеңесшілер жұмылдырылды. Нысан 2004 жылы пайдалануға беріліп, содан бері ТШО әлеуетті жеткізушілер нарығына үнемі қадағалау жүргізіп келеді. Қалдықтарды қайта пайдалану шеңберінде мүмкіндігінше көп баламаларды анықтау үшін қалдықтармен жұмыс істеудің қолжетімді әдістерін зерделеуде. Нысанда "TANA" ағаш қалдықтарын ұсақтағыш, "Parker" тас ұнтақтағыштары, "BOMAG" және "Caterpillar" қалдық тығыздағыштары, "Newster" медициналық қалдықтарын қайта өңдеуші, "WHS" жартылай автоматты сығымдау қондырғылары және "Itimuse" қағаз ұсатқышы сияқты танымал өндірушілердің бірегей жабдықтары жұмыс істейді.

Қайта өңдеуге жарамайтын қалдықтар көмуге арналған мамандандырылған полигондарға жіберіледі. Теңіз кен орнындағы полигондар - бұл күрделі техникалық құрылыстар, онда қалдықтар қоршаған орта компоненттеріне (ауа, топырақ, жер асты сулары) олардың әсерінен қорғау, ұяшықтарды толтыру циклдері, кейінгі бақылау және ондаған жылдарға алдын ала жоспарлау есебінен орналастырылады. "Теңіз Эко Орталығы" полигондарының ҚР-дағы басқа ұқсас полигондардан айырмашылығы қалдықтар бірнеше деңгейге жиналады және полигонның соңғы биіктігі шамамен 20 м құрауы мүмкін. Бұл қызметкерлерге барынша тиімді және қауіпсіз ең аз кеңістікті пайдалануға мүмкіндік береді. Мұндай полигондар ондаған жылдар бойы толтырылуы мүмкін, ал олардың орнында консервіленгеннен кейін, мысалы, кейбір елдерде олар демалыс аймақтарын ұйымдастырады. Бұны нақты көрсеткіш деп айтуға болады, демек мұндай нысандар қаншалықты қауіпсіз жобаланғандығын дәлелдейді.

Нұрлан Жакиев, Теңіз Эко Орталығы нысанының басшысы:

Біздің Теңіз Эко Орталығы секілді кешендерімізді еліміздің кез келген аймағында ұйымдастыруға болады. Бұл инфрақұрылымы дамыған шалғайдағы өндіріс нысандары үшін, сондай-ақ қоқыстарды басқару және орналастыруға арналған жер учаскелерін бөлу проблемалары бар ірі елді-мекендер үшін қолайлы.

Егер 10 жыл бұрын мұнай-газ компаниялары үшін майлы қалдықтарды шығару қиын болған болса, қазіргі кезде Батыс Қазақстанда бұл сала жақсы дамып кетті. Көптеген компаниялар озық елдердің тәжірибесін қолданып, майлы қалдықтарды басқару бойынша қызметтердің кең түрлерін ұсынады. Мысалы, ТШО-ның іскери серіктестері мұнай шламынан мұнайды қайта шығару, сондай-ақ майлы қалдықтар мен бұрғылау қалдықтарын биологиялық тазарту әдісін ұсынды. Бұл технологиялар пайдалы шикізатты өндіруге және оларды қайта пайдалануға, және полигонда майлы қалдықтарды көму әдісінен бас тартуға мүмкіндік береді.

Біздің компания қалдықтарды басқару процестері мен өңдеу әдістерінің тиімділігін арттыруға бағытталған жұмыстарын жалғастыруда. Менің ойымша, қоршаған ортаны қорғауға барлығы да атсалысуы керек, әрбір қазақстандық қатысып, елдің қауіпсіз болашағына өзінің жеке үлесін қосуы керек.

Әлібек Бешақырымұхаметов, Атырау облысы экология департаментінің басшысы

Қалдықтарды басқару - Қазақстан Республикасының "жасыл экономикаға" көшу тұжырымдамасының маңызды құрамдас бөлігі. Біз жеке компаниялардың бұл мәселеге үлкен назар аударып, Теңіз Эко Орталығы сияқты бастамаларды жүзеге асырып жатқанына қуаныштымыз. Мұндай бастамалар басқа ұйымдарға үлгі бола алады. Қоршаған ортаны қорғау тек мемлекеттің ғана міндеті емес, әр адам және әр компания өз үлесін қосуы керек.

Қалдықтарды қауіпсіз басқару - "Теңізшевройл" (ТШО) қызметінің стратегиялық бағыттарының бірі. ТШО, сонымен қатар, жергілікті қамтуды дамытуға көбірек назар аударады және қалдықтарды басқарудың заманауи жетілдірілген технологияларын қолдануға тырысады. Дамуға деген үздіксіз ұмтылыс пен талпыныс арқасында ТШО қайта өңдеу мен қайта пайдалану саласында одан да көбірек көрсеткіштерге қол жеткізді, бұл ТШО-ға жасыл экономиканы қолдау қағидаттарын сақтауға және қалдықтарды басқаруда нормативтік талаптарға толық сәйкес келетін теңдестірілген әдісті қолдануға мүмкіндік береді.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Жарнамалық материал
Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети