Теңіз кен орнында карантин күшейтілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Теңіз кен орнында карантин күшейтілді Фото:facebook.com/groups/453850347976755

Бүгінде Атырау облысында коронавирус жұқтырғандарың 80 пайызы Теңіз кен орнынан анықталған. Осыған байланысты кен орнында карантин күшейтілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Бүгінде Атырау облысында коронавирус жұқтырғандарың 80 пайызы Теңіз кен орнынан анықталған. Осыған байланысты кен орнында карантин күшейтілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі өңірлік коммуникациялар қызметіне сілтеме жасап.

Атырау облысының бас мемлекеттік санитар дәрігері Амантай Жұмағалиевтің айтуынша, 7 желтоқсандағы жағдай бойынша 19 науқас Атырау қаласынан тіркелсе, 42 науқас Теңіз кен орнынан тіркелген.

"Науқастармен байланыста болған қызметкерлер оқшауланды, оларға қажет медициналық көмек көрсетіледі. Теңіз кен орнындағы екі компания қызметкерлерінің арасында 42 жағдай анықталды. Жағдайлардың 99 пайызы профилактикалық тексеру нәтижесінде анықталады. Қазіргі уақытта екі компания да карантинге жабылды", - деді Жұмағалиев.

Еске салайық, 6 желтоқсанда Жылыой ауданының бас мемлекеттік санитар дәрігерінің теңіз, Прорва кен орындарында санитарлық талаптарды күшейту туралы арнайы қаулысы жарияланған болатын.

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети