Теңізде ерекше режим енгізілді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Теңізде ерекше режим енгізілді Фото:euroelectric.kz

Теңіз кен орнында 14 күнге дейін қосымша шектеу шаралары енгізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Теңіз кен орнында 14 күнге дейін қосымша шектеу шаралары енгізілді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

Тиісті қаулыға Атырау облысының мемлекеттік бас санитар дәрігері Темірбек Мұсағалиев қол қойды.

Кен орнында COVID-19 белгілері бар адамдарға 300 орындық провизорлық стационар, сондай-ақ, вахталық ауылдарды карантиндік төсекорындар дайындау керек.

Кен орнының қызметіне қатысты көліктерден басқа көліктердің кіріп-шығуына тыйым салынды.

Түнгі персонал, Теңіз кен орнынан тұрғылықты жеріне дейін баратын персонал, сондай-ақ тасымалдайтын жұмысшылар, медициналық бөлім қызметкерлері, өрт сөндіру, күзет, апат қызметі, күнделікті өмірге қажетті заттармен қамтамасыз ететін қызметкерлер, Рамазан айында ораза ұстағандардан басқа шектеу аумағы мен вахталық ауылдардың тұрғындары тек сағат 5.00-21.00 аралығында ғана жүре алады. 

Сонымен қатар, қаулыда жұмыстан тыс уақытта жұмысшылардың бірлесе отырып тамақ жеуіне және әңгімелесуіне тыйым салынды.

"Атырау облысы полиция департаменті (...) карантин шараларын сақтауды (бөлмелер, қабаттардың арасындағы орналасуды) тұрғын блоктарында бейнебақылау камералары арқылы бақылау қамтамасыз етілсін. Карантин аумағын қоршап, вахталық ауылға ешкімді кіргізбеу, сондай-ақ рұқсаты жоқ адамдарды кіргізбеу керек", - делінген Атырау облысы бас санитар дәрігерінің қаулысында.

Еске салайық,  Теңіз кен орнында 71 адамның коронавирус жұқтырғаны белгілі болып, науқастармен байланыста болған 1,5 мыңнан аса адам анықталған еді.

Сондай-ақ, Атырау облысындағы Теңіз кен орнында 100-ге жуық жұмысшы стационардағы карантин шараларын жеңілдетуді сұрады.

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 504.61  course up  587.93  course up  6.63  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети