Теңізде құстар ұя салған көліктер уақытша жүрмейтін болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Теңізде құстар ұя салған көліктер уақытша жүрмейтін болды © instagram/smotra.atyrau

Атырау облысындағы Теңіз кен орнында компаниялардың бірі құстар ұя салған көліктерді өз еркімен уақытша пайдаланбауды ұйғарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

ПОДЕЛИТЬСЯ

Атырау облысындағы Теңіз кен орнында компаниялардың бірі құстар ұя салған көліктерді өз еркімен уақытша пайдаланбауды ұйғарды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.

Әлеуметтік желілерде арнайы баумен қоршалған үш пикаптың видеосы пайда болды. Көліктердің бірінің әйнегінде бұл "құстардың ұя салу аймағы" деген ескерту жабыстырылған. 

"Теңізшевройл" компаниясының баспасөз қызметі ақпаратты растады.

"Теңізде көлік тұрағында үш ұя табылды. ТШО-ның биоәртүрлілігін басқару процедурасына сәйкес орнитолог тексеру жүргізіп, бір ұя инкубацияның белсенді сатысында екенін анықтады. Автокөліктердің жұмысы балапандар ұядан ұшқанға дейін кем дегенде 14 күнге тоқтатылады", - деп хабарлады компанияның баспасөз қызметіндегілер.

Компания өкілдері ұяларды орнитолог үнемі бақылап жүретінін атап өтті. 

Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда "ВКонтакте" желісінде парақшамызға тіркеліңіз!

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Қазақстанда қар жауады

Валюта бағамы

 500.6  course up  583.17  course up  6.51  course up

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети