20 сәуір 2020 | 15:06

"Теңізшевройл" жұмысшыларының уайымы: әкімдік жағдайды түсіндірді

ПОДЕЛИТЬСЯ

Видеодан кадр Видеодан кадр

Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі "Теңіз" кен орнындағы жағдайға қатысты түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.


Иконка комментария блок соц сети

Атырау облысы әкімдігінің баспасөз қызметі "Теңіз" кен орнындағы жағдайға қатысты түсініктеме берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.

2020 жылғы 19 сәуірде Бірлік ауылында жұмысшылардың бірі коронавирус жұқтырған. Онымен байланыста болған 35 адам анықталған.

"Байланыста болған адамдарды Болашақ ауылының тұрғын үй блогына орналастырып, экспресс-тест жасауға шешім қабылданды. Барлығы тест тапсырды, нәтижесі теріс болып шықты", - деп жазылған әкімдіктің хабарламасында.

Сонымен қатар, әкімдік қызметкерлері 19 сәуір күні сағат 20.00-де Атырау облысы Жылыой ауданы Теңіз вахталық қалашығының Болашақ ауылында 200 жұмысшының неліктен наразы болғанын түсіндірді.

"Олар "байланыста болған" дегенді дұрыс түсінбегендіктен, басқа вахталық ауылдардан әкеліп орналастырылған жұмысшыларды коронавирус жұқтырған деп есептеген", - делінген ведомствоның хабарламасында.

Ведомствоның хабарлауынша, барлық жұмысшы экспресс-тест тапсырады. Екі күннен кейін нәтижесі шығады. Талдауы теріс нәтиже көрсетсе, 22 сәуірде барлығы жұмысқа шығады. "Теңізшевройл" компаниясы тест нәтижесін күткен кездегі 2 күн үшін жұмысшылардың айлығын төлейді.

"Тест оң нәтиже көрсетсе, қосымша шаралар қабылданып, инфекция жұқтырғандар стационарларға орналастырылады", - деп хабарлады әкімдік.

Еске салайық, 19 сәуірде кешкілік әлеуметтік желілерде "Теңізде Болашақ вахталық ауылындағы наразылық" деп аталған видео тарай бастады. Оқиға болған жерден бірнеше видео Instagram желісіндегі zello_atyrau парақшасында жарияланды. 

Қазақстан жаңалықтары. Соңғы жаңалықтар. Telegram желісінде бізге жазыл! 

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети