ПОДЕЛИТЬСЯ
- Басты
- 01 маусым 2026 18:49
“Теңізшевройл“ компаниясы мұнай өндіруге қатысты мәлімдеме жасады
"Теңізшевройл" (ТШО) компаниясы мұнай өндіруге қатысты мәлімдеме жасады. Бірнеше күн бұрын мұнда өндірістік іркіліс болған еді, деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
ТШО қоғаммен байланыс жөніндегі менеджері Фархат Әбілов хабарлағандай, қазіргі уақытта компанияның өндіріс деңгейі "нысандар біріндегі қысқа мерзімді іркілістен кейін қалыпты өндірістік деңгейге жақын".
"ТШО басымдығы - қауіпсіз және сенімді өндірістік қызметті қамтамасыз ету. Сонымен қатар ТШО өзінің өндірістік қызметі мен коммерциялық мәселелерінің нақты егжей-тегжейіне қатысты түсініктеме бермейді", - деп толықтырды ол.
Не болды?
28 мамырда "Теңізшевройл" өз нысандарының бірінде өндірістік іркіліске тап болды. Компанияда бұл жағдайды "болмашы" деп сипаттады. Сонымен бірге компания мұнай өндіру "қалпына келтіру сатысында" екенін хабарлады.
Кейін Теңізде мұнай өндіру азайғанын Энергетика министрлігі мойындады.
Редакция сұрағы
Бұл туралы не ойлайсыз?
Пікірлер редакция тарапынан модерациядан өтеді
Пікірлерді оқу