Атыраулық "Тенңізшевройл" мұнай компаниясының өкілдері "Түкірмеңіз" деген жазудың неліктен тұрғанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
Атыраулық "Тенңізшевройл" мұнай компаниясының өкілдері "Түкірмеңіз" деген жазудың неліктен тұрғанын түсіндірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz.
"Түкірмеңіз" науқаны жұмыс орнында салауатты өмір салтын және қоғамдық тәртіп мәдениетін арттыруды қолдау әдістерін анықтау үшін ТШО қызметкерлерімен ұсынылған", - дейді редакциямыздың ресми сауалына жолданған жауапта.
Еске салайық, мұның алдында Теңіз кенішінің аумағындағы нысандарда қазақ, орыс және ағылшын тілдерінде "Түкірмеңіз" деген жазуы бар хабарламалар ілінген болатын. Тыйым салынған белгісі бар суретті асхана ғимаратына да ілінген.
"Теңізшевройл" ЖШС-ның өкілдері тақтайшалар 2016 жылдан бері ілулі тұрғанын айтады. Бұл бастама "Кемел" бағдарламасының аясында ұсынылған екен. Аталған бағдарлама мақсаты - Теңіз кенішінің қызметкерлері арасында салауатты өмір салтын насихаттау.
Қызметкерлердің бұл бастамасы тек ақпараттық сипатта және қандайда бір жаза қолдануды қарастырмайтынын айтады мұнайшылар.