01 маусым 2017 | 12:07

Теракт жайлы жалған хабар берді деп сотталған қарағандылық мұғалім бостандыққа шығатын болды

ПОДЕЛИТЬСЯ

Юрий Пак бостандыққа шығады. Сот жазасын өтеушінің өтелмеген мерзімінің орнына айыппұлға алмастыруға берілген арызды қанағаттандырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облысы Абай аудандық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.


Иконка комментария блок соц сети

Юрий Пак бостандыққа шығады. Сот жазасын өтеушінің өтелмеген мерзімінің орнына айыппұлға алмастыруға берілген арызды қанағаттандырды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Қарағанды облысы Абай аудандық соттың баспасөз қызметіне сілтеме жасап.

Жазасын өтеу мерзімін айыппұлға алмастыру шарасы бүгін колонияның қабырғасында қабылданды. 

"Қарағанды облысы Абай аудандық соты 01.06.2017 жылы Қарабас ауылында Судья Исабековтың қатысуымен Юрий Пактың өтелмеген жаза мерзімін айыппұлға алмастыру, яғни жазасын жеңілдету шарасы қабылданды. Сот отырысында Пак Юрий Дмитриевичке 170 742 теңге айыппұл салынды", - деді сот баспасөз қызметінің басшысы Ардақ Жұмашев.

Сот үкімі заңды күшіне енді. Сотталушы сот залынан босатылды. Алайда Пак колониядан 15 күннен кейін шығады. 

Еске салайық, 2016 жылдың 3 қазанында Юрий Пак 2 жылға бас бостандығынан айырылған еді. Тергеу нұсқасы бойынша, 2016 жылдың сәуір айында педагог жұмыс орнында отырып, 102 пультіне қоңырау шалып, орталық әмбебап дүкенінде жарылғыш заттың қойылғаны туралы хабар берген. Бұл ақпарат расталмады. Мұғалімге шығарылған үкім әлеуметтік желіде көп талқыланды. Көпшілік сот үкімінің әділетсіз екенін және сотталушының айыбы жоғы туралы жазды. Кейінірек прокурорлар және Қарағандының Қазыбек би аудандық сотының төрағасы сот шешіміне қатысты пікірлерін білдірді.

"Террорлық акт туралы көрінеу жалған хабар беру" бойынша сотталған қарағандылық физика пәнінің мұғалімі Юрий Пактың апелляциялық шағымын да сот алқасы өзгеріссіз қалдырған болатын.

Мұғалімнің басында болған оқиға туралы Сенат депутаты Дариға Назарбаева Бас прокуратурадан білгісі келді. "Мен Бас прокуратураға хат жолдап, іс материалын тағы бір жіті қарап шығуын сұрадым", - деген болатын Дариға Назарбаева, сонымен қоса ол сот жүйесінің істеріне парламентарилер де араласа алмайтынын айта кеткен.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 494.98   521.17   4.92 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети