19 шілде 2016 15:47

Теракт салдарынан зардап шеккен 6 адам Алматы ауруханаларында жатыр

ПОДЕЛИТЬСЯ

© adi19.ru © adi19.ru

Бүгін, сағат 15.00-дегі жағдайға сәйкес Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, ағымдағы жылы 18 шілдеде қалада орын алған атыс салдарынан зардап шеккен 6 адам қалалық медициналық ұйымдарда ем алуда, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің сайтына сілтеме жасап.


Бүгін, сағат 15.00-дегі жағдайға сәйкес Алматы қалалық денсаулық сақтау басқармасының мәліметі бойынша, ағымдағы жылы 18 шілдеде қалада орын алған атыс салдарынан зардап шеккен 6 адам қалалық медициналық ұйымдарда ем алуда, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі ҚР Денсаулық сақтау және әлеуметтік даму министрлігінің сайтына сілтеме жасап.

Жедел көмек ауруханасында 4 адам, оның ішінде 3 адам жан сақтау бөлімінде, 1 адам хирургиялық бөлімде ем алуда. Орталық қалалық клиникалық ауруханасында жатқан 2 адам жан сақтау бөлімінде жатыр.

Зардап шеккендерге барлық қажетті медициналық көмек көрсетілуде. Ауруханалар керекті дәрілік заттармен толыққанды қамтамасыз етілген. Жедел көмек ауруханасына жатқызылған 5 адамның біреуі бүгін 13 сағат 45 минутта қайтыс болды.

А.Н. Сызғанов атындағы Ұлттық хирургия орталығына жатқызылған пациент тергеу изоляторына ауыстырылды.

Еске салайық, 18 шілдеде Алматыдағы Алмалы аудандық ІІБ және ҰҚКД ғимараттарына шабуыл жасалды. Қазіргі уақытта Алматыда "Жедел ұстау" арнайы жоспары жарияланды. Осы орайда полицейлер тұрғындарға үйлерінен шықпауды өтінген. Қаладағы барлық қару-жарақ сататын дүкендер жабылған. Үш полиция қызметкері және бір бейбіт тұрғын қаза тапқан. Шабуыл жасағандардың екеуі ұсталды", - делінген Алматы ІІД таратқан ақпаратта. Сонымен қатар, Алматыда террорлық қауіптің "қызыл деңгейі" жарияланып, кейін бұл режим алып тасталды. Терроризмге қарсы күрес жөніндегі жедел штабтың өкілдері қаладағы шабуылдарды бір ғана адамның жасағанын мәлімдеді. Сондай-ақ, ҚР Президенті Нұрсұлтан Назарбаев Қауіпсіздік кеңесінің жиынында бүгін Алматыда болған атысты теракт деп атаған болатын.

Сондай-ақ, алматылық атқыштың терактіге дейін адам өлтіргендігі анықталды. ІІМ басшысының айтуынша, күдікті жезөкшені өлтірген. Бұрындары екі рет сотталған 1990 жылғы Руслан Күлікбаев құқық қорғау органдарының қызметкерлерінен кек алғысы келген. 

Терактіден қаза тапқандардың отбасына 15 миллион теңгеден, ал зардап шеккендердің отбасына бес миллион теңгеден берілетін болды. 

Читайте также
Join Telegram
Тоқаев Қытайға барады

Валюта бағамы

 448.12   483   4.85 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети