Қасым-Жомарт Тоқаевты Ұлыбританияның премьер-министрі Тереза Мэй құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
Қасым-Жомарт Тоқаевты Ұлыбританияның премьер-министрі Тереза Мэй құттықтады, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі Ақорда сайтына сілтеме жасап.
Ұлыбританияның премьер-министрі Тереза Мэйдің Қасым-Жомарт Тоқаевты Қазақстан Президенті лауазымына сайлануымен құттықтаған жеделхаты келіп түсті.
"27 наурыздағы құттықтау хатымда Британ-Қазақстан қатынастарының нығайып келе жатқанын атап өттім. Сол сәттен бастап елдеріміз арасындағы байланыстардың арта түскеніне қуаныштымын", - деп жазған Тереза Мэй.
Біріккен Корольдіктің Министрлер кабинетінің басшысы екіжақты іс-қимылдарды одан әрі дамытудың маңыздылығын атап өтті.
"Сіздің президенттік қызметіңіздің барысында Ұлыбритания мен Қазақстан арасындағы саяси, экономикалық және мәдени салалардағы ынтымақтастықтың жалғаса беретініне, сондай-ақ, елдеріміз арасындағы өзара қарым-қатынастардың одан әрі нығая түсетініне сенімдімін", - делінген жеделхатта.