Полицей мейрамханаға екінші қабаттың терезесі арқылы кірді. Видео әлеуметтік желілерде пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Полицей мейрамханаға екінші қабаттың терезесі арқылы кірді. Видео әлеуметтік желілерде пайда болды, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі.
Оқиға Алматыда болған. Жароков көшесіндегі үйлердің тұрғындары көршілес мейрамханадағы шуға шағымданған.
"Түңгі сағат екі болды, тынышталатын емес, музыканы тоқтатпайды, есігі жабық. Полиция қанша сағаттан бері жүрді, музыканы тоқтата алмай жатыр", - дейді тұрғындардың бірі оқиғаны видеоға түсіріп.
Нәтижесінде полицейлердің бірі шатырға шығып, мейрамханаға екінші қабаттың терезесі арқылы кіруге мәжбүр болған.
Мейрамхана қызметкерлері Жаңа жылды тойлаған екен. Бірақ олар жақын маңдағы үй тұрғындарының тыныштығын бұзғанын ескермеген.
"Шақыруға Буран-126 патрульдік экипажы барды, ақпарат расталды, мекеме ішінде адамдар болды, бірақ есігі құлыптаулы және полицейлердің талабына ешкім құлақ аспаған. Содан кейін патрульдік экипаж қызметкері, полицияның аға лейтенанты Мәуленқұл жанасып тұрған ғимараттың төбесіне көтеріліп, екінші қабаттағы ашық терезе арқылы мекеменің ішіне кіріп, өрескел заңбұзушылықтың жолын кесті", - деп хабарлады Алматы Полиция департаменті.
Мейрамхана иесіне қатысты ӘҚБтК-нің 437-бабы 1-бөлігі бойынша әкімшілік хаттама толтырылды. Тыныштықты бұзғаны үшін оған 15 АЕК (55 380 теңге) көлемінде айыппұл салынды.
Мейрамхананың өзі де келтірілген қолайсыздық үшін кешірім сұраған.
Сілтемесіз жаңалық оқисыз ба? Онда Telegram желісінде парақшамызға тіркеліңіз!