02 наурыз 2017 | 14:26

Тергеу әлі аяқталған жоқ - EXPO мердігері Қасымовтың мәлімдемесіне жауап берді

ПОДЕЛИТЬСЯ

© Азамат Омаров © Азамат Омаров

EXPO мердігер компаниясының өкілдері ҚР ІІМ басшысы Қалмұхамбет Қасымовтың мәлімдемесіне қатысты пікірін білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 


Иконка комментария блок соц сети

EXPO мердігер компаниясының өкілдері ҚР ІІМ басшысы Қалмұхамбет Қасымовтың мәлімдемесіне қатысты пікірін білдірді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымовтың EXPO-2017 нысандарының құрылысы кезінде конструкцияның қирауы "балқытып біріктірушілер кінәсінен болды" деген мәлімдеуіне қатысты ЭКСПО құрылысын мердігер ретінде жүргізіп отырған "АБК Құрылыс" компаниясы жобаны дайындаушы емес, тек құрылысшы. Бекітілген сызбалар мен инженерлік шешімдер бойынша құрылыс жүргізіп жатырмыз", - дейді компания өкілдері.

Компанияның баспасөз қызметінің мәлімдеуінше, тергеу әлі ақталмаған және жобаны дайындау кезінде қателік кеткені туралы тәуелсіз сараптама қорытынды бар. 

"EXPO-ның өзге құрылыстарын жүргізіп жатқан біздің компания тергеудің аяқталмағанын ресми түрде мәлімдейді. Процессуалдық ережеге сай тергеу біздің және мүдделі өзге де компанияларға ресми қортынды жолдауы керек. Бізге мұндай қорытынды келген жоқ. Біздің қызметкерлер тергеуге куәгер ретінде қатысты және тергеу мәліметтерін жарияламау туралы құжатқа қол қойған. Тәуелсіз сараптама қорытындылары барын айтқымыз келеді. Жоба бойынша қателік кеткені туралы сарапшылар шешімі мен қортыныдылары бар. Ол тергеу мен барлық мүдделі мемлекеттік органға берілген", - деп түсіндірді баспасөз қызметінің өкілдері.

Еске салайық, EXPO территориясында ұзындығы 96 метр және салмағы 240 тонна болатын декоратив көпір құрастырмасы опырылған еді. "Астана ЭКСПО-2017" ҰК АҚ өкілдері бұл құрастырманың декоратив екенін және пайдалануға берілмейтінін айтып сендірді. Ал қалған павильондар бүлінбеген.

Осыған байланысты Ішкі істер министрі Қалмұханбет Қасымов құрастырманың құлауы бойынша жүргізілген тергеудің қорытындысын жария еткен. "Бұған дейін металл нашар болған деп айтып жатты, бірақ металл дұрыс болған, балқытып біріктірушілер дұрыс жұмыс жүргізбеген", - деді ол Сенаты отырысының үзілісінде.

Читайте также
Join Telegram
Лого TengriSport мобильная Лого TengriLife мобильная Иконка меню мобильная
Иконка закрытия мобильного меню

Валюта бағамы

 498.59   521.12   4.87 

 

Ауа райы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети