"Тергеу жүріп жатыр" - "Эйр Астана" жолақтан шығып кеткен ұшақ туралы

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Тергеу жүріп жатыр" - "Эйр Астана" жолақтан шығып кеткен ұшақ туралы Сурет facebook.com/ААК

"Эйр Астана" әуе компаниясы ұшып-қону жолағынан шығып кеткен ұшаққа қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

ПОДЕЛИТЬСЯ

"Эйр Астана" әуе компаниясы ұшып-қону жолағынан шығып кеткен ұшаққа қатысты түсінік берді, - деп хабарлайды Tengrinews.kz тілшісі. 

"22 мамырда Астана әуежайында Шымкент - Астана KS352 рейсіндегі "Эйр Астана" әуекомпаниясының ұшағы қону кезінде ұшып-қону жолағынан шығып кеткен. 88 жолаушы мен 9 экипаж мүшесінің ешқайсысы зардап шеккен жоқ. Қазіргі уақытта әуе компаниясы оқиғаға байланысты тергеу жүргізіп жатыр", - дейді әуе компаниясының баспасөз қызметінің өкілдері. 

Мұның алдында Азаматтық авиация комитеті мәліметінше, Астана әуежайында "Эйр Астана" әуекомпаниясының Шымкент - Астана KS352 рейсінің Airbus-320 ұшағы қону кезінде ұшып-қону жолағынан шығып кеткені хабарланған. Бортта 97 жолаушы және 9 экипаж мүшесі болды. Әуе кемесі тұраққа жеткізілді. Қозғалтқышқа зақым келген.

Кейін әлеуметтік желіде ұшақтың ұшып-қону жолағынан шығып кеткен сәті түсірілген видео жарияланды.

Tengrinews
Читайте также
Join Telegram
Тоқаев жаңа заңға қол қойды

Валюта бағамы

 514.12  course up  603.32  course up  6.44  course down

 

Ауа райы

location-current
Алматы

 

Редакция Жарнама
Социальные сети